Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Елде жағдай керісінше болып жатыр": Шыңғыс Айтматовтың қызы Жээнбековке үндеу жолдады

Опубликовано:

"Үміт 2020" қозғалысының жетекшісі, танымал қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматовтың қызы Шырын Айтматова ел президенті Сооронбай Жээнбековке ашық хат жариялап, өзі басқаратын қозғалыс өкілдерінің қуғын көріп жатқанын мәлімдеген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Шырын Айтматова. Фото: Жогорку Кенештің баспасөз қызметі
Шырын Айтматова. Фото: Жогорку Кенештің баспасөз қызметі: Depositphotos

Шырын Айтматова ашық хатында қозғалыстың қандайда бір саяси амбициясы жоқ екенін, елдегі коррупциялық іс-әрекеттерді әшкерелеуді ғана көздейтінін білдіріп, президент Сооронбай Жээнбековтен өзін қабылдауын сұраған.

"Біздің бірқатар мүшелерімізді қамап, мүлкімізді рейдерлік басып алу әрекетімен бірге аңду жүріп жатыр. Сіз сөз бостандығын қорғап, ұрылармен күресті тоқтатпайтыныңызды айтқансыз. Бірақ елде жағдай керісінше болып жатыр. Сізден өтінерім, "Үміт 2020" қозғалысы өкілі ретінде қабылдаңыз. Сізбен елдегі репрессиялар және сөз бостандығына қатысты бетпе-бет сөйлескім келеді", - делінген ашық хатта.

Басылым мәліметінше, "Үміт 2020" қозғалысы осыған дейін бірқатар коррупциялық істерге қатысты өзінің зерттеуін жүргізген. Оның ішінде Мемлекеттік кеден қызметінің бұрынғы төрағасының орынбасары болған Раимбек Матраимовтың мүлкі және табысы туралы зерттеу жүргізіп, "#REакция" митингіне белсенді түрде қатысқан.

Содан бері қозғалыс өкілдері қуғындалып келе жатқанын айтқан. .

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы әуежайында Шырын Айтматованың күйеуі Сырғақ Кенжебаевтың ұсталып, Бішкекке жеткізілгені хабарланған еді.

Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1836990-elde-zagdaj-kerisinse-bolyp-zatyr-sygys-ajtmatovty-kyzy-zeenbekovke-ndeu-zoldady/

pixel