Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылдық жедел штабтың арқасында тараздық тұрғындар үйлеріне оралды

Опубликовано:

Қаңтар айының басында биіктіктегі монтажшылар Алексей Рожков пен Виктор Логинов ресейлік Тобольск қаласына әуежай құрылысына аттанған. Алайда, олар екі апта бойы қонақ үйде болып жұмысты күткенімен, нәтиже болмайды. Себебі оларды шақырған компания банкротқа ұшыраған.

Жамбылдық жедел штабтың арқасында тараздық тұрғындар үйлеріне оралды
Фото: Пресс-служба акима Жамбылской области: Facebook
"Біз үйге ақшасыз оралғымыз келмеді, сондықтан әрі қарай Сүргутқа бет бұрдық. Бірақ мұнда да бізге арзымайтын ақша төледі, сондықтан одан әрі солтүстікке – Ямало-Ненецк автономиялық округіне бардық. Бұл кезде Ресейде коронавируспен күрес басталып кеткен болатын, ал кейбір өңірлерде карантин енгізіліп жатқан. Бізді кері қайтатын билеттермен қамтып, пойызбен Қазақстан шекарасына дейін жеткізілдік. Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка ауылына тұрақтадық", - дейді Алексей Рожков.

Еңбек мигранттары COVID-19 талдауларын тапсырып, қорытындысы теріс нәтиже көрсеткен. Бірақ туған қалалары Таразға жетуге мүмкіндіктері болмаған. Аталған ауыл әкімдігі Жамбыл облысының жедел штабына байланысқа шығады. Мән-жайдан хабардар болған штаб мүшесі, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Бақытжан Жәнібеков бұл шаруаны өз қолына алған.

"Бізге таксимен Нұр-Сұлтан қаласына дейін жетіп алуға көмектесті. Ол жақтан тараздық көлік компаниясының автобусымен оралдық. Егер жедел облыстық штаб көмектеспегенде сыртта қанша уақыт жүретініміз белгісіз еді", - дейді А. Рожков қуанышын жасыра алмай.

Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1852197-zambyldyk-zedel-stabty-arkasynda-tarazdyk-trgyndar-jlerine-oraldy/

pixel