Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамин және бірнеше министр өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты

Опубликовано:

Премьер-министр Асқар Мамин короновирус инфекцияcын диагностикалау хаттамасына сәйкес, қажетті мерзім аяқталғаннан кейін өзін-өзі оқшаулау режимінен шықты. Оның COVID-19-ға жасалған соңғы талдау нәтижесі теріс қорытынды берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

Фото: Facebook/Зарина Нурланова
Фото: Facebook/Зарина Нурланова: UGC

Сонымен қатар, осыған дейін өзін-өзі оқшаулаған білім беру министрі Асхат Аймағамбетов, ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров, экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев те процедурадан өтті.

Барлығынан COVID-19-ға теріс нәтиже алынған.

Осыған байланысты Үкімет басшысы мен министрлер жұмыс кестесін штаттық режимде жалғастырады.

Қазіргі уақытта Үкімет отырыстары мен барлық кеңестер селекторлық режимде өтуде. Үкімет пен министрліктер үйінің ғимараттарында санитарлық тәртіп күшейтілді, қауіпсіздік шаралары қатаңдатылды, қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеуге көшкен.

Еске сала кетейік, кеше Елбасының коронавирус инфекциясына тапсырған тесті оң нәтиже көрсеткені белгілі болды.

Ал осы жылдың сәуір айында COVID-19-ды Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы және бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров жұқтырды.

7 маусым күні президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли алдын алу шараларын сақтағанымен, коронавирус инфекциясын жұқтырғанын мәлімдеді.

Өткен жұмада мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның да коронавирус жұқтырып, ауруханаға түскені белгілі болды.

Сонымен қатар, таяуда Теміртау әкімі Ғалым Әшімовтен де COVID-19 анықталды. Алайда шенеунікте ауру белгілері байқалмаған.

Ал бірнеше күн бұрын Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Ораловтың да коронавирус диагнозымен ауруханаға түскені белгілі болды.

Өткен жексенбіде Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы коронавирус жұқтырғанын хабарлады. Ол Нұр-Сұлтан қаласында ауруханада жатыр.

Ал күні кеше қауіпті вирус жұқтырған Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин өз-өзін оқшаулау режиміне көшті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1861146-mamin-zne-birnese-ministr-zin-zi-oksaulau-reziminen-sykty/

pixel