Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағдат Мусин цифрлық даму бірінші вице-министрі болды

Опубликовано:

Премьер-министр Асқар Мамин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ұжымына үкімет қаулысымен тағайындалған бірінші вице-министр Бағдат Мусинді таныстырды, ол уақытша министр қызметін атқарады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкімет басшысының ресми сайтына сілтеме жасап.

Бағдат Мусин. Фото: facebook.com/BagdatMussin
Бағдат Мусин. Фото: facebook.com/BagdatMussin: Facebook

Премьер-министр президенттің министрлік алдына мемлекеттік қызметтер мен экономика салаларын цифрландыру жөнінде нақты міндеттер қойғанын атап өтті. Айтуынша, денсаулық сақтау және білім беру саласын цифрландыру мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет.

"Барлық осы маңызды міндеттерді іске асыру, әсіресе, пандемия кезінде зор маңызға ие. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы шеңберінде ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету, Қазақстанның инновациялық экожүйесін дамыту қажет", – деді Мамин.

Мусин Бағдат Батырбекұлы 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысының Екібастұз қаласында туған. Сүлеймен Демирел атындағы университетті «инженер-жүйе технигі» мамандығы бойынша, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын инженер-бағдарламашы болып бастады, әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» РМК АЖ сүйемелдеу бөлімінің бастығы, әділет министрлігінің экономика және қаржы департаменті ақпараттық технологиялар басқармасының бастығы болып жұмыс істеді, байланыс және ақпарат министрлігінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарды, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Қазпошта» АҚ, Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетін басқарды.

Биылғы наурыз айында президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалды.

Бұған дейін мемлекет басшысының жарлығымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиевтің қызметінен босатылғанын хабарлағанбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1865820-bagdat-musin-cifrlyk-damu-birinsi-vice-ministri-boldy/

pixel