Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өз жұмыстарымның арасында мұқтаждарға көмек жеткіздім

Жарияланған күні:

Kaspi_1108(4)
Ерлан Жұмағалиев. Фото: Ануар Машбаев

Қиын кезде адамның басты қасиеті оянады, нағыз қаһармандар пайда болады. Олар пандемия кезінде айналасына көмектесіп, әлемді жақсырақ, мейірімді қыла түсетін медицина қызметкерлері, волонтерлар, әлеуметтік жауапты кәсіпкерлер.

Kaspi.kz әлеуметтік желіде «Алғыс эстафетасын» іске қосты. Әрқайсымыз Kaspi.kz-тің instagram-дағы ресми парақшасында осындай қаһармандар туралы баяндап, оларға көпшіліктің «Рахмет!» айтуына мүмкіндік бере аламыз.

Біз Ерлан Жұмағалиев туралы айтпақпыз. Ол жұмыс істейтін фирманы карантинге жапқан кезде Ерлан үйінде отырмай, мұқтаж жандарға азық-түлік тасуды шешкен.

- Ерлан, волонтерлық қозғалысқа қосылу туралы шешімді қашан қабылдадыңыз?

- Карантинге дейін мен үш шағын фирманың бухгалтериясын жүргіздім. Оның біреуі жабылып, екеуі қызметкерлерін ақысыз демалысқа жіберді. Жұмыс азайып, бос уақыт пайда болды.

Фейсбуктен Адель Смиттің (Адель Оразалинова) халыққа көмектесіп жатқанын, «Мен алматылықпын» деген қозғалыс барын оқыдым. Бірде Адель парақшасында азық-түлік таситын еріктілер керек деп жазды. Менде қала ішінде көлікпен жүруге рұқсат бар еді. Оған «көмектесе аламын», деп жазып жібердім.

Бірінші рет менен әл-Фарабидегі балалардың онкологиялық орталығына азық-түлік жетізуді өтінді. Кейін дәрігерлерге (қазір көпшілігі үйлерінде емес) арналған жатақханаға апардым, қолды жиі тазалай берген соң терісі құрғап, жарылып кетпес үшін ауруханаға қолға арналған крем жеткіздім. Қайырымдылық қоймасына зат салынған қораптарды апардым. Мұндай өтініш күнде болмайды, бірақ қай жерде көлікпен көмек керек, барлығына баруға тырыстым.

- Карантин кезінде көптеген адамдарда көзбе-көз сөйлесу мүмкіндігі азайды. Сізде керісінше еріктілер мен көмекке мұқтаж адамдар арасында көптеген таныстар пайда болды. Сізді толғандарған, таңқалдырған адамдар болды ма?

- Мен тек азық-түлік немесе киімді қажетті мекен-жайға жеткіздім. Сондықтан ешкіммен жақын сөйлеспедім. Бірақ, мені таңқалдырғаны көмектесуге дайын адамдардың көптігі. Олар әртүрлі жаста болды - жас қыздар, жігіттер, менің замандастарым, үлкен кісілер. Бір жолы менен индустриалдық аймақтағы қоймадан азық-түлік алып кетуді сұрады. Барсам бір топ спортшы азық-түлікті қапқа, қорапқа жинап, салып жатыр. Көріп, риза болдым.

Бір жолы кездейсоқ танысу болды. Қараңғы түсіп кеткен кез, әйелім екеуміз жаяу кетіп бара жатқан жас келіншекті көріп қалдық. Тоқтап, үйіне жеткізіп тастауды ұсындық. Жолда сөйлесіп бардық. Екі ұлын жалғыз өсіріп отыр екен. Карантинге дейін балабақшада жұмыс істеген. Балалары да сонда болған. Қазір жабылып қалған, жұмыс та, ақша да жоқ. Әйелім өз нөмірін қалдырып кетті. Кейінірек әлгі әйел хабарласып, көмек сұрады.

Біз жас ананы аяп кеттік. Адельден азық-түлік кәрзіңкесін сұрап алып, апарып бердім. Қазір әйелім екеуміз оларға әр ай сайын аз болса да көмектесіп тұруға тырысамыз.

Kaspi_1108(3)
Ерлан Жұмағалиев жұбайы Үмітпен. Фото: Ануар Машбаев

- Сіз карантин кезінде көлігіңізбен азық-түлік тасимын дегенде әйеліңіз қолдады ма?

- Үйде ол туралы айтпадым, өз жұмыстарыммен шығып, сонымен бірге көмекті жеткізіп жүрдім. Мұны ерекше әрекет деп ойламаймын. Бұрын да қолымнан келгенше адамдарды жеткізіп көмектесетінмін. Оның не ерекшелігі бар? Егер мен еріктілікпен тұрақты түрде айналыссам онда айтуға болар еді. Мен тек еріктілер ұйымына қосылдым, өйткені бос уақытым болды. Әрі Ораза айы болды, жақсы іс істегім келді.

Үміт бұл туралы Kaspi.kz-тен хабарласып, әлеуметтік роликке бірге түсуді ұсынғанда бірақ білді. Бірақ қатты таңқалмады, өйткені мені жақсы біледі, тек «Сен қашан үлгердің?» деп сұрады.

- Кейбір адамдар көмек сұраса бірден қол ұшын созады, біреулер бас тартады. Бұл неге байланысты?

- Меніңше бір кезде өзі де қиын жағдайға тап болғандар жиі көмектеседі, өйткені қиындықтың қандай екенін біледі. Бір жағынан тәрбиенің де орны бар.

- Өзіңіз туралы айтыңызшы. Қандай отбасынан шықтыңыз, өміріңізде қандай қиын сәттер болды?

- Мен Өзбекстанның Бұқара облысында, Тамды ауданында, қазақтар шоғырланған жерде дүниеге келдім. Отбасында төртеуміз, үш әкпем және мен. Ата-анам екеуі де Ташкент университетін бітірген. Әкем жас кезінде химия, биология мұғалімі, кейін аудандық оқу бөлімінің басшысы, атқарушы комитеттің хатшысы, маххалаллық комитеттің төрағасы болды. Анам орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берді. 90-жылдардағы дағдарыс кезінде сол кездегі көптеген адамдар сияқты базарда сауда жасады. Мектептен кейін мен Алматыдағы Нархоздың «Қаржы және кредит» мамандығына оқуға түстім. Соңғы курста қазақстандық банкте тәжірибеден өттім. Бірақ диплом алған соң ата-анамның қасында қайттым. Өйткені жалғыз ұлымын. Зейнетақы қорында бас маман болдым, кейін ШОБ несие беретін қорда жұмыс істедім.

Кейін біртіндеп біздің үлкен отбасымыз Қазақстанға көше бастады. Әйелім екеуміз 2002 жылдың көктемінде келдік. Екі баламыз - ұл, қызымыз, мүліктен 20 мың теңге, көрпе, ыдысымыз ғана болды. Оралман ретінде бізге екі бөлмелі үй берді. Көршім құрылыста істейтін, көмекші жұмысшы болуға сұранып, қолыма бірінші рет түзеткіш ұстадым. Тағы бірнеше жерде қосымша табыс таптым.

Басында қиын болды. Кейін Үміт жұмысқа шығып (бастауыш сынып мұғалімі), балалар мектепке барып, мен үйдің ішкі есіктерін сататын фирмаға жұмысқа тұрдым.

Қазір төрт баламыз бар. Үлкен қызым ҚазПУ-ды бітіріп, әулетіміздегі ұстаздық жолды жалғады. Тұрмысқа шыққан, немереміз бар. Үлкен ұлым алматыдағы Политехтің түлегі, кіші ұлым мектепте оқиды, кенже қызым 6 жаста.

- Балаларыңызға адамдарға көмектесуге үйретесіз бе?

- Арнайы үйретпеймін. Еріктілерге көмектескенімді де айтпадым. Меніңше бұл мақтаныш емес, күнделікті қалыпты нәрсе.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1868965-z-zmystarymny-arasynda-mktazdarga-kmek-zetkizdim/