Гипермаркет, жаңа нан зауыты және медорталық: «Қазақмыс» қазақстандықтарға қалай көмектесуде?

Опубликовано:

Гипермаркет, жаңа нан зауыты және медорталық
Фото: «Қазақмыс»

Қызметкерлері мен орналасқан қалалар тұрғындарына қамқорлық таныту «Қазақмыс» корпорациясы» үшін маңызды бағыттардың бірі саналады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Компания өз қызметкерлерін қызметтік баспанамен қамтамасыз ету, өңірдегі гипермаркеттің құрылысы, салауатты өмір салтын сақтау секілді көптеген игі шараларды қолға алған. Мәселен, гипермаркеттің салынуы өңірдегі бағаның өсуіне тосқауыл болғанын айта кету керек.

Қызметтік баспанамен қамту

Корпорация қызметкерлерінің жалдамалы пәтер алуға мүмкіндігі бар. Мұндай мүмкіндік отбасылы, бала-шағасы бар, басында үйі жоқтар, сонымен бірге мүгедек жандар, зейнеткерлер мен өзге де жандарға беріледі.

үй
Фото: «Қазақмыс»

Бұдан бөлек, жалдамалы пәтер жалдаушы оны нарық бағасымен немесе нарық құнының 70%-ы көлеміндегі сомада сатып ала алады. Қызметтік баспананы бірқатар жағдайларда тіпті тегін алуға да мүмкіндік бар.

Айта кету керек, 2015 жылдан қазірге дейін Корпорация 112 пәтерді тегін пайдалануға берілді, тағы 277 пәтер жеңілдікпен 5-7 жылға бөліп төлеу мүмкіндігімен берілген. Ал 2150 пәтер жалға берілген.

үй
Фото: «Қазақмыс»

Сонымен бірге, компания Қарағанды қаласындағы жаңа үйлерден 40 пәтер сатып алып, оларды нарық бағасының 70%-ы көлеміндегі сомаға тең жеңілдікпен өз қызметкерлеріне берді. Ал былтырғы жылдың мамыр айында компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамыту аясында Қарағанды облысы әкімдігі, ҚР Еңбек және тұрғындарды әлеуметтік қорғау министрлігі мен «Kazakhmys Holding (Казахмыс Холдинг)» ЖШС арасындағы серіктестік туралы Меморандумға қол қойды.

Оның мақсаты – компаниядағы көпбалалы жұмысшыларды қолдау. Нәтижесінде, компания орналасқан қалаларда 133 отбасыға баспана сатып алу туралы шешім шығарылды. Бүгінгі таңда Жезқазған мен Сәтпаев қалаларында 25 төрт бөлмелі пәтер сатып алынды. Пәтерлер өмір сүруге ыңғайлы, онда жиһаз, тұрмыстық техника сынды барлық қажетті заттар бар.

Гүлбану Нұрмағанбетова және отбасы
Фото: жеке архивтан алынды

Гүлбану Нұрмағанбетова – сегіз баланың анасы. Жалғызбасты ана Жезқазған кен байыту фабрикаларының 2-БК-де конвейер машинисі болып жұмыс істейді. Бірнеше жыл бұрын көпбалалы отбасы төрт бөлмелі пәтерге ие болды. «2018 жыл қарсаңында үйімізге корпорацияның бірінші басшылары келіп, балаларым армандап жүрген компьютер мен ноутбукты сыйға тартқан болатын. Олар біздің тар үйде тұрып жатқанымызға куә болды. Екі айдан соң «Қазақмыс» корпорациясы» бізге төрт бөлмелі пәтерді сыйға тартатынын естідім. Бұл мен үшін де, балаларым үшін де нағыз тосынсый болды. Оған қоса, пәтер жиһазбен және тұрмыстық техникамен жабдықталыпты. Бұдан бөлек, балаларыма сыйлық ретінде ойыншықтар, велосипед, планшет сыйға тартылды», - дейді Гүлбану.

Гүлбану Нұрмағанбетова
Фото: жеке архивтан алынды

Әйелдің айтуынша, ол компанияның көмегінсіз баспаналы бола алмас еді. Сондықтан ол баспаналы болу арқылы өміріндегі ең басты проблемасының шешілгенін айтады. Оның ендігі басты арманы - балаларына жақсы білім беріп, баспанамен қамту, оларды дені сау, бақытты әрі елінің лайықты азаматы етіп тәрбиелеу.

«ULY DALA» гипермаркетінің құрылысы

Ел басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын Жолдауын іс жүзінде орындау мақсатында «Кazakhmys Holding» ЖШС моноқалалар мен өңірлер маңында азық-түлік белдеуін жасау туралы шешім шығарды. Осы шешім шеңберінде жүзеге асырылған жобалардың бірі Жезқазғанда ауданы 37 мың шаршы метрден асатын «ULY DALA» гипермаркетінің құрылысы болды. Жоба мақсаты Жезқазған және Сәтпаев өңірі тұрғындарын нарық бағасымен салыстырғанда орта есеппен 20%-ға арзан азық-түлікпен қамту болып отыр.

«ULY DALA» гипермаркет
Фото: «Қазақмыс»

Гипермаркет сатып алушыларға қызмет көрсетудің жоғары стандарттарына сай қызмет етеді, онда сан алуан тауар түрі бар және тұтынушылар сұранысын қанағаттандыру мақсатын ұстанады. Онымен қоса, бұл тұрғындарға қосымша 180 жұмыс орнын ұсынуға мүмкіндік беріп отыр. Жобаны жүзеге асыруға шамамен 2,5 млрд теңге көлеміндегі қаражат бөлінді. Бұл тұста, гипермаркет «Ұлытау Нан» ЖШС, «Сүт жағасы» ЖШС, Сәтпаев минералды және жеміс сулары зауыты» ЖШС, шұжық және ірімшік цехтары, ет-сүт және өзге тауарларды өндіретін шаруа қожалықтарының өнімдерін жеткізу қызметін жолға қойып, отандық өндірушілерге қолдау білдіріп келеді. Бұдан бөлек, гипермаркеттің өзінің азпаздық өндірісі де бар.

«ULY DALA» гипермаркет
Фото: «Қазақмыс»

Жуық арада Жезқазған мен Сәтпаев қалаларында шағын маркеттер салынатын болады. Барлығы 20 шағын маркет құрылысы жоспарда бар.

Нан зауытының құрылысы

2018 жылдың маусым айында «Ulytaý Nan» деп аталатын жоғары технологиялық нан зауыты салынып, іске қосылды. Аталған жаңа зауыттың өндірістік қуаты тәулігіне 35 тонна нан және нан-тоқаш өніміне тең.

Зауыт халықаралық стандарттарға сай, өндірісті цифрландыру талаптарына толықтай жауап береді және ТМД мен Еуропа елдері аумағындағы заманауи нан зауыттарының бірі саналады. Оның құрылысына екі млрд теңге көлеміндегі қаражат жұмсалған, ал өнімдер сатылымы Жезқазған мен Сәтпаев қалаларында, Ұлытау, Весовая, Қарсақпай және Жезді ауылдарында жүзеге асырылады.

Нан зауыт
Фото: «Қазақмыс»

Нан зауытының іске қосылуы Жезқазған, Сәтпаев және жақын маңдағы елді-мекендердегі 225-тен астам тұрғынды жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға да жұмыс орындары қарастырылған. Зауыт ашылған кезде нан-тоқаш өнімдерінің 24-тен астам атауын елге ұсынды. Ал қазіргі күні тұтынушыларға нан өнімдері мен нан сұрыптарының 55-тен астам атауы ұсынылған. Зауыт өнімдерінің ассортименті ұдайы жаңартылып отырады. Сонымен бірге, көшпелі сауда желісі іске қосылып, Жезқазған және Сәтпаев қалаларында «Ulytaý Nan» өнімдерін сататын 17-ден астам фирмалық сауда дүкені бар.

Қызметкерлерге арналған медициналық орталық

Жезқазған қаласында «Қазақмыс» корпорациясының» барлық қызметкерлеріне қызмет көрсететін медициналық орталық орналасқан. Бұл медорталықтың филиалдары Сәтпаевта және Балқашта орналасқан. Сәтпаевтағы орталық Сәтпаев қаласының клиникасы деп, ал Балқаштағысы – Отбасы денсаулығы орталығы деп аталады. «Қазақмыс» корпорациясының барлық кәсіпорындарында медициналық пунктер бар.

Қызметкерлерге арналған медициналық орталық
Фото: «Қазақмыс»

Қызметкерлер медорталықтар ұсынатын көптеген қызмет түрін, стационарлық және кеңес түріндегі көмектерді пайдалана алады. Бұдан бөлек, 2019 жылдан бастап Корпорация медициналық қызметтер сапасын жаңа озық технологияларды пайдалану әрі денсаулық сақтау саласындағы байланыстарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау арқылы арттыру мақсатында корейлік «Северанс» госпиталімен бірлесе жұмыс істейді.

Қызметкерлерге арналған медициналық орталық
Фото: «Қазақмыс»

Сондай-ақ, жұмысшылар денсаулығын жақсарту бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС 2016 жылдың тамыз айынан бастап «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС жанынан дәрігер Бубновский тәсілі бойынша кинезитерапия орталығын ашты. Жыл сайын Бубновский орталығына орта есеппен 500 адам келіп ем алса, оның 140-ы Корпорация қызметкерлері болып саналады. Олардың негізгі бөлігі тірек-қимыл аппараты аурулары бар бақылау тобына енгендер.

Қызметкерлерге арналған медициналық орталық
Фото: «Қазақмыс»

Бұдан бөлек, Корпорация ардагерлері мен зейнеткерлеріне әлеуметтік көмек ретінде қаражат бөлініп, «Ардагерлер кеңесі» АҚ арқылы олардың медициналық тексерістен өтуге кететін шығындары төленеді. Осы мақсатта соңғы бес жылда 1568 зейнеткерге 93 млн теңге бөлінген.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелері

Қызметкерлер балаларын балабақшалар мен сауықтыру мекемелерінде орынмен қамтамасыз ету аса маңызды болып саналады. Жұмысшылардың балалары жыл сайын сауықтыру лагерлеріне жіберіледі. Соңғы бес жылда ғана 35 мың бала жалпы сомасы 138 млн теңгеге демалды.

Мектепке дейінгі білім беру мекемелер
Фото: «Қазақмыс»

Қайырымдылық

Сонымен бірге компания қайырымдылық жасау ісіне де үлкен мән береді. Мәселен, «Қазақмыс» бірнеше жыл бойы «SOS Теміртау балалар ауылы» ЖМ тәрбиеленушілеріне белсенді түрде қолдау көрсетіп келеді.

Әсіресе, кішкентай бүлдіршіндер асыға күтетін Жаңа жылға сыйлықтар жасап, балаларды саяхатына, мерейтойлық іс-шаралар өткізу мен жас өрт сөндірушілер интеграциялық лагеріне қатыстыруға көңіл бөлінеді. Мұның барлығы «Балалар ауылының» кішкентай тәрбиеленушілерінің балалық шағы туралы естеліктерін әсерлі әрі қызықты ету мақсатында қолға алынған. Бес жыл ішінде балаларды қолдау мақсатына шамамен 2,5 миллион теңге көлеміндегі қаражат кеткен.

Сонымен бірге, №6 орта мектебі мен Балқаш қаласындағы «Балдәурен» балабақшасына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Осының арқасында енді балалар заманауи жарықтандырылған, таза әрі жарық оқу мекемелерінде білім алатын болады.

Қасым Аманжолов атындағы музыкалық мектеп оқушылары
Фото: «Қазақмыс»

Айта кететін тағы бір жайт, жыл сайын «Жас геолог» қазақстандық жас геолагтардың дала олимпиадасын ұйымдастыруға 6 миллион теңге сома көлемінде қаражат бөлінеді. Ал Қасым Аманжолов атындағы музыкалық мектептің дарынды оқушылары «Golden voices of Montserrat» - «Монсерраттың алтын дауыстары» Халықаралық байқауына қатысуы үшін 16,2 миллион теңге бөлінді.

Аталған байқау әлемдегі ең ірі халықаралық хор фестивалдарының бірі болып саналады. Ал қазақстандық балалар бұл байқауда өз елінің намысын қорғап, өнер көрсетіп келеді.

Бұл тұста мүгедектігі бар балалардың да айрықша назарды қажет ететіні сөзсіз. Осы себептен мүмкіндігі шектеулі балаларды қоғамда әлеуметтендіру және интеграциялау мақсатында «Қазақстандық арнайы олимпиада» АҚ қайырымдылық көмегі жүзеге асырылады.

Мәселен, 2014 жылы балалардың Қазақстанның Арнайы жазғы олимпиадасына қатысуы үшін 2,9 миллион теңге бөлінсе, 2019 жылы Қысқы арнайы олимпиадасын ұйымдастыру мақсатында 1,75 миллион теңге бөлінген.

Бұдан бөлек, «Инва-СТО» мүгедектерге арналған техникаға сервистік қызмет көрсету және жөндеу» жобасын қолдау мақсатында 7,6 миллион теңге бөлінді. Себебі, қозғалудың өзі аса қиынға соғатын балалардың жүріп-тұруына жағдай жасау аса маңызды екені белгілі. Тағы 10,5 миллион теңге менталды мүгедектігі бар жетім балалар мен психоневрологиялық ауытқуы бар балалар мен 18 жастан асқан тұлғаларға арналған «Күндізгі уақыт өткізу орталығы» және «Отбасылық үй» орналасатын ғимаратты сатып алу және жабдықтауға үлестірілді.

UStemRobotics
Фото: «Қазақмыс»

Қазақстан жастары да компания назарынсыз қалмады. Мәселен, жас кәсіпкерлерге арналған «Зерен 2019» жазғы лагерьді ұйымдастыру үшін бес миллион теңге бөлінді. «Қазақмыс» корпорациясының арқасында «Сакралды Қазақстан» кітабын Брайль әліпбиі жүйесі бойынша алты нүктелі рельефті қаріпте шығару мүмкін болды. Бұл арқылы мыңдаған ел тұрғыны еліміздің мәдени мұрасымен танысты.

Бұдан бөлек, компания UStemRobotics Қазақстан және Орталық Азия елдерінде робототехниканы дамыту қорына шамамен бес миллион теңге аударды. Осылайша, қазақстандықтар Түркиядағы Халықаралық робототехника бойынша олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1869313-gipermarket-zaa-nan-zauyty-zne-medortalyk-kazakmys-kazakstandyktarga-kalaj-kmektesude/