Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Әбдіров сенат төрағасының орынбасары болып сайланды

Жарияланған күні:

Фото
Фото: parlam.kz

Парламенттің жоғарғы палатасының депутаты Нұрлан Әбдіров сенат төрағасының орынбасары болып сайланды. Бұл қызметте оған дейін Бектас Бекназаров болған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Палата спикері сенат төрағасының орынбасарын сайлау туралы ұсынысты оқыды.

"Президентінің жарлығымен Нұрлан Мәжитұлы Әбдіров парламент сенатының депутаты болып сайланды. Конституцияның 58-ші бабына сәйкес, сенат төрағасының орынбасары лауазымына сенатор Нұрлан Әбдіровті ұсынамын", – деді Мәулен Әшімбаев.

Өз кезегінде сенаторлар дауыс беру арқылы бір ауыздан Нұрлан Әбдіровтің кандидатурасын мақұлдады.

Бұл қызметте Әбдіров Бектас Бекназаровты алмастырды, ол Әшімбаевтың айтуынша, өзінің өтініші бойынша қызметінен босатылған.

Нұрлан Әбдіров ұзақ жылдар Ішкі істер және әділет министрлігінде қызмет атқарған. Сонымен бірге Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшылығында қоғамдық және экологиялық қауіпсіздікке жауапты болды.

2009 жылы мәжіліс депутаты болып сайланып, кейін мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетін басқарды.

Айта кетейік, Нұрлан Әбдіров "Құрмет" және "Парасат" орденімен, "Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі үлесі үшін" медалімен наградталған. Отбасыл екі баласы бар.

Еске салсақ, бүған дейін мемлекет басшысының жарлығымен Нұрлан Әбдіровтің парламент сенатының депутаты болып тағайындалғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар Ардақ Әшімбекұлының Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы болып тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1872006-nrlan-bdirov-senatty-vice-spikeri-bolyp-sajlandy/