Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рамзан Қадыровтың қызы Шешенстан мәдениет министрінің бірінші орынбасары болды

Опубликовано:

Қадырова
Фото: news.myseldon.com

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың қызы Айшат сол елдің мәдениет министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Қадыров өзінің Telegram-арнасында жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Айшатты жаңа қызметке тағайындау - бұл ақылға салынған шешім. Жастығына қарамастан оның ең күрделі және ауқымды жобаларды, оның ішінде мәдениет саласындағы жобаларды басқаруда тәжірибесі көп", - дейді Рамзан Қадыров.

Осындай жобалардың қатарында ол соңғы жылдары басқарған Firdaws сән үйі де бар.

Бұл брендтің коллекциялары тек Ресейде ғана емес, көптеген басқа елдерде де танымал.

Сонымен қатар, Шешенстан басшысы қызының республика филармониясының дамуына елеулі үлес қосқанын, шешен эстрадасының жаңа және бұрыннан өнер көрсетіп келе жатқан әрістеріне көмектестіп жүргенін атап өтті.

Сондай-ақ, Қадыров осы жылдың көктемінде Париждегі сән апталығынан кейін қызының "Шешен республикасына сіңірген еңбегі үшін" медальмен марапатталғанын еске алды.

Шешенстан басшысының айтуынша, Айшат Қадырованы мәдениет министрінің бірінші орынбасары етіп тағайындау идеясы толығымен мәдениет министрі Хож-Бауди Дааевке тиесілі.

Қадыровтың өзі оның Айшат туралы пікірін естігеннен кейін жарлыққа қол қойған.

"Мен оның нақты шешен құндылықтарын жаңғырту жолының айқын жақтаушысы екенін және өзінің жаңа міндеттеріне барлық жауапкершілікпен қарайтынын білемін. Айшаттың алға қойған міндеттерді шешетініне сенімдімін", - деп қосты Рамзан Қадыров.

Айта кетейік, Айшат Қадырова - Рамзан Қадыровтың тұңғышы. Шешенстан басшысының он баласы бар.

Еске сала кетсек, бұған дейін АҚШ Рамзан Қадыров пен бірге оның жұбайы және екі қызын қара тізімге енгізген болатын. Олардың арасында Айшат та бар.

Ал Қадыров Біріккен Ұлттар Ұйымын АҚШ билігін жазалауға шақырған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1872170-ramzan-kadyrovty-kyzy-sesenstan-mdeniet-ministrini-birinsi-orynbasary-boldy/

pixel