Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы ең жас министр Бағдат Мусин туралы не білеміз

Опубликовано:

Фото
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Бағдат Мусин цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындалды. Шенеунік 37 жасында ведомствоны басқарып отыр. Осы орайда KAZ.NUR.KZ порталы Қазақстандағы ең жас министр туралы ақпарат ұсынады.

Бағдат Мусин 1983 жылы Павлодар облысы Екібастұз қаласында дүниеге келген.

Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

  • 2011-2012 жылдары ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болды.
  • 2012 жылдан бастап Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарды.
  • 2014 жылдың сәуірінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.
  • Бағдат Мусин Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетіне 2017 жылдың қаңтарынан төрағалық етті.
  • Оған дейін үш жыл "Қазпошта" АҚ-ның басқарма төрағасы болды.
  • 2019 жылдың шілде айынан бастап президент жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі болды.
  • 2020 жылдың тамыз айының соңында кеңес құрамынан шығарылды.
  • 2020 жылдың шілдесінде Мусин үкімет қаулысымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі болып тағайындалды. Ол министр қызметін уақытша атқарды.

Шенеунік қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілін меңгерген.

Бағдат Мусин үйленген және 3 баласы бар (2 қыз және бір ұл).

Қазіргі уақытта ол Қазақстанның министрлер кабинетіндегі ең жас министр болып табылады.

Еске сала кетсек, осыған дейін Бағдат Мусин мемлекет басшысының жарлығымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындалғанын жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1872234-kazakstandagy-e-zas-ministr-bagdat-musin-turaly-ne-bilemiz/

pixel