Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бағдат Мусин цифрлық даму министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Багдат Мусин
Фото: Facebook

Мемлекет басшысы Бағдат Мусинді цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап.

"Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын", – делінген құжатта.

Бағдат Мусин 1983 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Сүлеймен Демирел атындағы университетті және Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

Қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерін жетік меңгерген.

2011-2012 жылдары БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болды.

2012 жылдан бастап Көлік және коммуникация министрлігінің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарды.

2014 жылдың сәуірінде "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Бағдат Мусин Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнаулы есепке алу жөніндегі комитетіне 2017 жылдың қаңтарынан төрағалық етті. Оған дейін үш жыл "Қазпошта" АҚ-ның басқарма төрағасы болды.

Биыл наурыз айында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Бағдат Мусин президенттің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

2020 жылдың шілдесінде Мусин үкімет қаулысымен цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірінші вице-министрі болып тағайындалған болатын. Ол министр қызметін уақытша атқарған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1872164-tokaev-musindi-cifrlyk-damu-ministri-kyzmetine-tagajyndady/

pixel