Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Юрий Ильин төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды

Опубликовано:

Фото
Фото: ІІМ ТЖК

Мемлекет басшысының жарлығымен Юрий Ильин Қазақстанның төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

"Юрий Викторович Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалсын", - делінген құжат мәтінінде.

Ильин бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары болған. Ол төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтер мәселесімен айналысты.

Ильин Юрий Викторович 1968 жылғы 9 сәуірде РКФСР Куйбышев қаласында туған.

Білімі жоғары, 1989 жылы И.С. Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесі – шынжыр табан және дөңгелекті машинаны пайдалану жөніндегі инженер, 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік заң академиясы – заңгер.

«Құрмет» орденімен (2013 жылы), 8 мерейтой медалімен марапатталған.

  • 1985 жылдың тамыз айынан бастап И.С. Қонев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанты;
  • 1989 жылдың тамыз айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының 73-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі;
  • 1990 жылдың маусым айынан бастап Мәскеу әскери округі 2-ші гвардиялық мотоатқыштар дивизиясының 1-ші гвардиялық мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі;
  • 1992 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстарының оқытушысы;
  • 1993 жылдың шілде айынан бастап Украинаның Сумск облысы Азаматтық қорғау 390-курстары бастығының орынбасары;
  • 1996 жылдың тамыз айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы оқыту даярлау орталығының аға офицері;
  • 1998 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының бөлім бастығы;
  • 1999 жылдың маусым айынан бастап Алматы қалалық Төтенше жағдайлар басқарма бастығының орынбасары;
  • 2005 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары;
  • 2011 жылдың желтоқсан айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқарма бастығының міндетін атқарушы;
  • 2012 жылдың қаңтар айынан бастап Алматы қалалық Жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей зілзалалардың алдын алуды және оларды жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы;
  • 2013 жылдың наурыз айынан бастап Алматы қаласы әкімінің орынбасары;
  • 2015 жылдың қазан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы;
  • 2016 жылдың сәуір айынан бастап Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған жолдауында Төтенше жағдайлар министрлігін құруды ұсынған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1873789-urij-ilin-ttense-zagdajlar-ministri-bolyp-tagajyndaldy/

pixel