Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы жаңа министрлік құруды ұсынды

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрлігін құруды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы.

"Ішкі істер министрлігінің құрылымын бейінді емес функциялардан босатып, қайта қарастыру қажет. Бұл осы маңызды ведомство жұмысының тиімділігін арттырады. Табиғи және техногендік апаттар дәуіріне енгенімізді ескере отырып, Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажет деп санаймын", - деді мемлекет басшысы.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы басталғанын жазған болатынбыз.

Мемлекет басшысы жолдауы кезінде дәрігерлерге, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне және еріктілерге алғыс айтты.

Сонымен қатар президент 42 500 теңге әлеуметтік төлемді қанша қазақстандықтың алғанын жеткізді.

Одан бөлек, Тоқаев министрліктердегі жауапты хатшылар қысқартылатынын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1871975-memleket-bassysy-zaa-ministrlik-krudy-syndy/

pixel