Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев Алматы облысына ұшып келді

Опубликовано:

Алаяқ1
Фото: Берік Уәлидің Facebook-тегі ресми парақшасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысына келді. Президент кешенді бітімгершілік оқу-жаттығуларына қатысады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі ресми парақшасында мәлімдеді.

"Президент — Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысы әскери даярлық оқу орталығының қызметімен танысып, бітімгершілік операцияларды пысықтау оқу-жаттығуларының белсенді кезеңін бақылайды. Сондай-ақ әскери қызметкерлердің алдында сөз сөйлеуі жоспарланған", – деп жазды президенттің баспасөз хатшысы.

Еске салсақ, 7 қазан күні Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус індетінің екінші толқынына дайындық мәселелері бойынша кеңес өткізген болатын.

Жиында еліміздің премьер-министрі Асқар Мамин, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, қала және облыс Жиында еліміздің премьер-министрі Асқар Мамин, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, қала және облыс әкімдері есеп берді.

Кеңес барысында президент елдегі әуежайлар мен теміржол вокзалдарында қатаң эпидемиологиялық бақылауды қайта енгізуді, сондай-ақ мемлекеттік шекарада бақылауды күшейтуді тапсырды.

Мемлекет басшысы көрші елдердегі эпидемиологиялық жағдайдың нашарлап бара жатқанын еске салды.

Айта кеткен жөн, президент кеңес барысында коронавирустың екінші толқынына емханалары мен ауруханаларының дайындығы нашар облыстарды атап, жіберілген кемшіліктерді дереу түзетуді тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1878532-tokaev-bitimgersilik-oku-zattygularyna-katysu-sin-almaty-oblysyna-keldi/

pixel