Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Садыр Жапаров Қырғызстанның жаңа премьер-министрі болып тағайындады

Опубликовано:

Садыр Жапаров1
Садыр Жапаров. Фото: РИА Новости /Алексей Майшев

Қырғыз парламенті Жогорку Кеңеш кезектен тыс отырысында ел премьер-министрі ретінде Садыр Жапаровты сайлады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Азаттық радиосына сілтеме жасап.

Басылымның мәлметінше, парламенттің бірінші вице-спикері Мирлан Бакиров Жапаровтың бірауыздан мақұлданғанын мәлім еткен. Отырыс басында жиынға 51 депутаттың қатысып отырғаны, он депутаттың сенімхат жібергені айтылған. Қырғыз парламентінде барлығы 120 депутат бар.

Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлағандай, депутаттар министрлер кабинетінің құрылымын, құрамын және бағдарламасын бірауыздан қабылдаған.

Отырыс барысында Жапаров премьер-министрлікке жалғыз кандидат болған. Ол қазіргі жағдайға байланысты үкімет құрамының өзгеріссіз қалатынын мәлімдеген. Премьер сондай-ақ Кумтор кен орнын ұлттандыру идеясынан бас тартатынын айтқан.

"Сегіз жыл бұрын ұлттандыру керек еді, қазір ол жерде алтын қалмады" - деген ол.

Садыр Жапаров – Жогорку Кеңештің бұрынғы депутаты. 2017 жылы Бішкек соты оны 2013 жылы Қаракөлде болған митингіні ұйымдастырды және Ыстықкөл облысының сол кездегі басшысын кепілге алды деп 11,5 жылға бас бостандығынан айырған еді. Митинг кезінде Кумтор кен орнын ұлттандыру талап етілген.

Жапаров күшейтілген тәртіптегі колонияда қамауда болған. 6 қазанға қараған түні демонстранттар оны босатып алды.

Сол күні наразы топ 11 жылға бас бостандығынан айырылған бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты да босатып алған болатын. Алайда бүгін экс-президенттің ұсталғаны хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1878933-sadyr-zaparov-kyrgyzstanny-zaa-premer-ministr-bolyp-tagajyndady/

pixel