Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қырғызстанда президент сайлауы қашан өтетіні белгілі болды

Опубликовано:

сайлау қырғызстан
Фото: sputnik.kz

Қырғызстанның орталық сайлау комиссиясы президент сайлауын 2021 жылдың 10 қаңтарына белгіледі деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

"Біз кеше президент әкімшілігінің басшылығымен конституциялық заңның талаптары жайлы сөйлестік, оған сәйкес бұл сайлау ОСК және басқа да органдардың қандай да бір шешімінсіз-ақ тағайындалған болып саналады. Конституцияда солай жазылған. Біз тек күнді белгіледік", - деді ОСК төрағасы Нұржан Шайлдабекова.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Жогорку кенеш депутаттары 22 қазанда үш оқылым өткізбей-ақ "Қырғызстан президенті мен Жогорку кенеш депутаттарын сайлау туралы" конституциялық заңға өзгерісті қабылдаған болатын.

Депутаттар қабылдаған заң жобасынан соң конституциялық реформа өткенге дейін заңдағы 38 және 63-бап күшін жояды.

Яғни, сайлау өткізу мерзімі бойынша норма жүзеге аспайды.

Заң жобасын ұсынған депутат Акылбек Жапаровтың сөзінше, үш айдың ішінде парламент, президент және референдум өткізу қаржы жағынан қиынға түседі.

Ол қазіргі Жогорку кенеш реформа өткенге дейін жұмыс істей беретінін де айтты.

Жогорку кенеш мүшелері бұл заң жобасын талқыламай бірден дауыс беріп, 83 депутат қолдады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1881296-kyrgyzstanda-prezident-sajlauy-kasan-tetini-belgili-boldy/

pixel