Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Трамп Байденді басып озды: Бірнеше маңызды штаттың сауалнама нәтижелері жария болды

Опубликовано:

Трамп
Фото: pixabay.com

Ақ үйдің қазіргі басшысы Дональд Трамп бірнеше маңызды штаттарда жүргізілген сауалнамаларға сәйкес жарыста көш бастап келеді.

Дональд Трамптың президенттікке күресте маңызды деп танылған бірнеше штатта көш басына шыққаны туралы Real Clear Politics (RCP) саясаттану желісі хабарлады деп жазады ТАСС.

Огай штатында 18 сайлаушы алқа мүшелерінің дауыс беретін аймағында қазіргі президенттің басты қарсыласы, демократ Джо Байденге қарағанда Трампты қолдайтын сайлаушылардың үлесі 1,5%-ға асқан.

Солтүстік Каролинада да Трамп көш бастап тұр, бірақ тек небәрі 0,6%-ға. Америка Құрама Штаттарының басшысы Джорджиядағы сауалнамада Байденді 0,2%-ға артта қалдырды.

Трампты қолдайтын тағы бір штат - Техас, онда сайлаушылардың 47,7% қазіргі президентті, 46,5% - Байденді қолдады. Сонымен бірге Джо Байден, сауалнамаға сәйкес, Флорида, Пенсильвания, Мичиган, Висконсин, Невадада көш бастап тұр.

Real Clear Politics-тің мәліметтері бойынша, Байден сайлаушылар арасында танымалдылық бойынша қазіргі америкалық көшбасшыдан орта есеппен 6,8 пайыздық пунктке озған. Сайлауға 2 күн қалғанда өткізілген Free Press сауалнамасына сәйкес, Трамп қарсыласынан 7 ұпайға қалып қойды.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 3 қарашада АҚШ-та кезекті жалпы президенттік сайлау өтеді.

Бұған дейін біз АҚШ президенттік сайлауына үміткерлер туралы ақпарат жарияланғанын жазған едік.

Сонымен қатар, Нью-Йоркте Трамптың қарсыластары мен жақтастары арасындағы төбелес кезінде арасында төрт бала бар жеті адамнан тұратын отбасы мүшелері зардап шеккенін жазған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1882739-tramp-bajdendi-basyp-ozdy-birnese-mayzdy-statty-saualnama-ntizeleri-zaria-boldy/

pixel