jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    Дональд Трамп АҚШ-тағы сайлауда жеңіп келе жатқанын мәлімдеді

    АҚШ президенті Трамп
    Дональд Трамп. Фото: Getty Images / Ethan Miller

    Дональд Трамп АҚШ-тағы президент сайлауында жеңіске жететінін мәлімдеді. Ол өз жеңісін тойлауға да әзір деп хабарлайды РИА Новости.

    Американың қазіргі президенті Дональд Трамп сайлаудағы екінші жеңісін тойлауға дайын екенін айтты. Сөзінше, ол Байденнен сегіз штатта алда келеді.

    "Бізге жеңіс үшін барлық штат керек емес",- деді АҚШ президенті.

    Ол америкалықтарға өз кандидатурасын қолдағаны үшін алғыс білдірді. Сонымен қатар, әлдекімдер АҚШ азаматтарын дауыс беру құқығынан айыруға тырысп жатқанын айта кетті.

    Айта кетейік, БАҚ АҚШ президенті сайлауының алдын ала нәтижелерін жариялады. Қазіргі мәліметке сәйкес, Джо Байден көш бастап келеді.

    Басылым ақпарынша, Джо Байденде 238 дауыс, ал Дональд Трампта 213 дауыс. Олардың әрқайсысында жеңуге мүмкіндік бар. Трамп Пенсильвания (20 сайлаушы), Джорджия мен Мичиганда (16 сайлаушы), Солтүстік Каролинада (15) және Висконсинда (10) алда келеді. Ал демократ Джо Байден Невадада (6 сайлаушы) алда. Сондай-ақ, Трамп Аляскада (3 сайлаушы) бірінші орында.

    Бірнеше штат, оның ішінде негізгі Пенсильвания штаты бюллетеньдерді қабылдап, дауыс беру ресми түрде аяқталған соң да дауыстарды санай алады. Fox News ақпарынша, сайлаушылардың соңғы дауысы түгелдей дерлік Дональд Трампқа берілуі мүмкін.

    Ал Аляскада дауыс беру аяқталып қойған. Сайлау бөлімшелері түнгі сағат 1- де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 4 қараша сағат 12:00) жабылған.

    Дональд Трамп АҚШ-тағы сайлауда жеңіп келе жатқанын мәлімдеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.