Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жапаров қиын кезеңде Қырғызстанға үнемі қолдау көрсететін қазақ халқына алғыс айтты

Опубликовано:

Тоқаев Жапаров
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасы президентінің міндетін атқарушы, премьер-министр Садыр Жапаровпен телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Ақорда.

Әңігмелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаров қазақ-қырғыз қатынасындағы достық, тату көршілік және стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға уағдаласып, екіжақты байланыстардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылаған.

Садыр Жапаров қазіргідей қиын кезеңде Қырғызстанға үнемі қолдау көрсетіп, көмек бергені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және жалпы қазақ халқына алғыс айтты.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Қырғыз Республикасымен одақтастық қарым-қатынастарды тереңдете беруге бейілді екенін атап өтті.

"Біз Қырғызстанның саяси тұрақтылығы мен экономикалық тұрғыдан өсіп-өркендеуіне тілекшіміз. Қазақстан осындай қиын уақытта бауырлас елді әрдайым қолдаған және қолдай береді", – дейді президент.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесіп, әңгімелесу барысында Қазақстан мен Өзбекстан қырғыз халқына экономикалық және гуманитарлық көмек көрсететінін айтқан еді.

Еске сала кетейік, Жогорку кенеш депутаттары 22 қазанда үш оқылым өткізбей-ақ "Қырғызстан президенті мен Жогорку кенеш депутаттарын сайлау туралы" конституциялық заңға өзгерісті қабылдағаны туралы жазған едік.

Осылайша елдегі парламент сайлау кейінге шегерілді.

Ал бұған дейін ОСК сайлауды 20 желтоқсан өтеді деген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1884630-sadyr-zaparov-kiyn-kezede-kyrgyzstanga-nemi-koldau-krsetetin-kazak-halkyna-algys-ajtty/

pixel