jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарына тінту жүргізілді деген ақпарат пайда болды

    Әлихан Қыраубаев
    Әлихан Қыраубаев. Фото: inbusiness.kz

    БАҚ беттерінде Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаевқа тінту жүргізілді деген ақпарат пайда болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Атап айтсақ, тінту туралы ақпаратты Zakon.kz порталы өз дереккөздеріне сүйене отырып, жария етті. Қандай іс бойынша тергеу амалдары жүргізілгені әзірге белгісіз.

    Маңғыстау облысы әкімдігі NUR.KZ тілшісіне аталған ақпаратты не растап, не жоққа шығарған жоқ. Ведомствоның мәліметінше, өңір басшысының бірінші орынбасары жұмыс орнында.

    "Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Әлихан Қыраубаевтың жұмыс орнында екенін және өз міндеттерін атқаруды жалғастырып жатқанын хабарлаймыз", - деді әкімнің баспасөз хатшысы Самат Сүлей.

    Пікір алу үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке де жүгіндік.

    Естеріңізге сала кетейік, қазан айының соңында Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың ірі көлемде қаражат жымқырды деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

    Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг жөніндегі комитеті бұрынғы министрдің қамауға алынғанын растады. Оның бюджеттік қаражатты аса ірі көлемде жымқырды деген күдікке ілінгені белгілі болды.

    Кейінірек Біртановтың адвокаты Дмитрий Куряченко экс-министрдің үй қамағына алынғанын хабарлады.

    Айта кетсек, БҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы Болатбек Каюповтың да ұсталғаны туралы мәлімет жария болды.

    Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасарына тінту жүргізілді деген ақпарат пайда болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.