jitsu gif branding logo appbranding logo app
Саясат

    Назарбаев пандемия кезіндегі үкіметтің жұмысына оң баға берді

    Нұрсұлтан Назарбаев
    Фото: Ақорда

    Еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Nur Otan партиясының ХХ съезінде коронавирус пандемиясы кезінде ел үкіметінің нәтижелі жұмыс істегенін айтты. Ол Қасым-Жомарт Тоқаевтың "мемлекеттің қолдауы болмаса қарсы тұра алмас едік" деген сөзін еске түсірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Елбасының айтуынша, мемлекеттік басқаруы мықты елдер коронадағдарыспен жылдам күрескен. Мысал ретінде ол Қытай мен Сингапурды келтірді.

    Тұңғыш президент пандемия кезінде ел үкіметі бизнес пен адамдарға қолдау көрсеткенін, алайда бұл Қазақстан нарықтық экономика мен демкоратия жолынан тайғанын көрсетпейтінін айтты.

    "Сарапшылардың қазір мойындауынша, пандемия мен экономиканың бірден құлдырауы жағдайында либерализм мемлекеттік басқаруға жол беріп отыр. Ірі елдер ірі мемлекеттердің капиталына кіреді. Президент (Қазақстан президенті - ред.) айтқандай, қазір мемлекеттің қолдауынсыз, біз де қарсы тұра алмас едік.

    Шағын және орта бизнес үлкен көмек алды, зардап шеккен тұрғындарға қолдау көрсетілді. Бұл біздің нарықтық экономика және демократиялық мемлекет құру бағытынан ауытқып жатқанымызды білдірмейді. Уақыт біздің бұл күйден тезірек шығуымыз керек екенін айтуда. Қазір мемлекеттің рөлі артып жатыр", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

    Елбасы Қазақстан үкіметінің пандемия кезіндегі жұмысына да оң баға берді.

    "Осы уақытта біздің үкімет өте қажырлы жұмыс істеді. Қиындықтарға қарамастан, нәтижелі жұмыс істеді деп айта аламын. Ұсынылған бағдарламалар мен тапсырмалар шынайы және біз оны орындауымыз керек. Нарықтық институттар да жұмыс істеп, мемлекет те көмектесуі керек", - дейді тұңғыш президент.

    Еске сала кетсек, Нұрсұлтан Назарбаев аталған жиын барысында елде демократия жоқ дейтіндерге жауап берді.

    Сондай-ақ тұңғыш президент Елбасы ретіндегі миссиясын айтты.

    Назарбаев пандемия кезіндегі үкіметтің жұмысына оң баға берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.