Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бір сағат ішінде: Пашинян Қарабақтағы жағдайды Путинмен 2 рет талқылады

Жарияланған күні:

армянбасы1
Никол Пашинян. Фото: Alexei Nikolsky\TASS via Getty Images

Арменияның премьер-министрі өткен түнде Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін мәлімдеді. Екі ел басшысы Таулы Қарабақтағы жағдайды талқылаған.

Никол Пашинянның Facebook парақшасында жазуынша, өткен түнде ол Ресей президентіммен бірге бір сағаттың ішінде Қарабақтағы жағдайды екі рет талқылаған.

"Лашын дәлізі маңындағы елді-мекендерге, әскери тұтқындарды және марқұмдардың денесін алмастыру процесіне, із-түзсіз жоғалғандарды іздеуге, аймақтағы бітімгершілік күштер мен демаркацияларды орналастыруға, сондай-ақ көлік коммуникацияларын бұғаттан шығаруға қатысты мәселелер талқыланды", - делінген оның жазбасыда.

Оның сөзінше, мұндай келіссөздер үнемі, кейде күніне бірнеше рет өтеді.

Sputnik Арменияның жазуынша, бұған дейін Армения депутаты Тагухи Товмасян Әзербайжан Қарулы күштері екі ел арасындағы Карвачар бағытындағы жаңа шекараны бөлетін қақпаны бұзды деп мәлімдеді.

Армения Қарулы күштері Бас штабы бастығының орынбасары, генерал-лейтенант Тиран Хачатрян Карвачармен шекарада қақпаның жоқтығына түсінік берген. Оның айтуынша, қақпа күшпен ашылған жоқ.

"Бұл өткізу пункті Ресей тарапының бастамасымен орнатылған. Содан кейін қандай пікірталастар болды, олар ашты ма немесе бұзды ма, білмеймін. Мендегі ақпаратқа сәйкес, қақпаны бұзбаған, ашқан", - деді Армения ҚК Бас штабы бастығының орынбасары.

Еске сала кетейік, 10 қараша күні Әзербайжан, Армения және Ресейдің Қарабақ туралы келісімі жарияланғаны белгілі болды.

Таулы Қарабақ үшін күрес Әзербайжан мен Армения арасында 27 қыркүйектен бастап, яғни 1 ай 14 күнге жалғасты. Осылайша, 10 қараша күні Армения, Әзербайжан және Ресей басшылары Таулы Қарабақтағы соғыстың аяқталғанын жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1886808-bir-sagat-isinde-pasinan-karabaktagy-zagdajdy-putinmen-2-ret-talkylady/