Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әзербайжан, Армения және Ресейдің Қарабах туралы келісімі жарияланды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: pixabay.com

Таулы Қарабақ үшін күрес Әзербайжан мен Армения арасында 27 қыркүйектен бастап, яғни 1 ай 14 күнге жалғасты. Күні кеше Армения, Әзербайжан және Ресей басшылары Таулы Қарабақтағы соғыстың аяқталғанын жариялады.

10 қарашаға қараған түні Армения, Әзербайжан және Ресей басшылары Таулы Қарабақтағы соғыстың аяқталғаны туралы хабарлады. Сонымен қатар, БАҚ-та тараптар қол қойған келісімнің 9 тармағының мәтіні жарияланды.

Келісімнің екінші және алтыншы тармағында Кельбаджар ауданы, Агдам ауданы, Газах ауданы, сондай-ақ Лачин ауданы Әзербайжанға сәйкесінше 15, 20 қарашаға және 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін қайтарылатыны хабарланған. Армения қарамағында Таулы Қарабақпен байланысты қамтамасыз ететін ені 5 километр Лачинск дәлізі ғана қалады. Сондай-ақ, бұл дәліз "Шуша  қаласына әсер етпейді" делінген.

Үшінші, төртінші және бесінші тармақтарда ресейлік бітімгерлердің жанасу сызығы бойында атыс қаруымен 1960 әскери қызметші, 90 бронетранспортер, 380 бірлік автомобиль және арнайы техника енгізу туралы уағдаластық бар.

Егер тараптар мерзім өткенге дейін 6 ай бұрын осы ережені қолдануды тоқтату ниеті туралы мәлімдемесе, бітімгершілік кезекті 5 жылдық кезеңге автоматты түрде ұзартылады. Бұдан басқа, атысты тоқтатуды бақылау жөніндегі бітімгершілік орталығы құрылады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Арменияның премьер-министрі Ресей және Әзірбайжан басшыларымен Таулы Қарабақ бойынша келісімге келгендері туралы мәлімдеді. Мәлімдемеге сәйкес, аталмыш аймақ үшін соғыс тоқтатылмақ.

Пашинян бұл шешім "әскери жағдайды жан-жақты талдау нәтижесінде қабылданды" деп атап өтті. Ол бұл қадамды қазіргі жағдайда ең дұрыс қадам деп атады және соғыс қимылдарының тоқтатылуы "жеңіс те, жеңіліс те емес" екендігін алға тартты.

Сонымен қатар, Пашинянның мәлімдемесіне наразылық білдірген жүздеген адам Армения үкіметінің ғимаратына басып кіріп, елдің премьер-министрі Никол Пашинянның үйіне қарай бет алған болатын.

Наразылық білдірушілер парламенттің бірінші қабатының терезелерін сындырған. Куәгерлердің айтуынша, алаңда фейерверктердің немесе атылған оқтардың дыбысы естілген екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1883972-zerbajzan-armenia-zne-resejdi-karabah-turaly-kelisimi-zarialandy/

pixel