RU
Саясат
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Назарбаев астананы Түркістанға ауыстыруға қатысты ойын айтты

Жарияланған күні:

Түркістан1
Фото: Түркістан қаласының әкімдігі

Қазақстанның Тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев астананы Түркістан қаласына ауыстыруға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Ұлттық Арнасындағы "Түркістан: көне мен келешек көпірі" деректі фильмінде айтты.

Журналист соңғы кезде әлеуметтік желіде ел астанасын Түркістанға көшіру мүмкін деген қауесеттер тарап жүргенін айта келе, осы әңгіменің қаншалықты шындыққа жанасатынын Елбасыдан сұрады.

"Ол әңгіменің негізі жоқ. Оны айтудың да жөні бар ғой. Әсіресе, сол жақта тұратын, Түркістанның жағдайын білетін адамдар солай ойлайтын шығар. Әрине, тарихы үлкен. Қожа Ахмет Ясауи бұл жерге келіп, мұсылмандықты уағыздап кеткен. Түркі тектес халықтар мұсылмандыққа ден қойды. Сондықтан олардың бәрі сыйлайды, жақсы көреді. Әсіресе, Түркиядан келіп, көргісі келетіндер көп", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасының пайымынша, түркі дүниесінің Түркістанды ерекше құрметтеуі "ел астанасы болса екен" деген ойларға жетелеуі мүмкін.

"Бірақ біз астанамызда ары қарай ұлғайтамыз. 200 мыңдай адам тұрған бұрынғы Ақмола қазір 1 миллион 200 мың тұрғыны бар шаһарға айналды. Нұр-Сұлтан деген атау берілді. Оны мен ұсынбадым. Бірақ қарсы да болмадым. Өйткені астананың әрбір тасы, әрбір ғимараты менің нұсқауыммен салынды. Сондықтан біз қаламызды одан әрі дамытамыз", - дейді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Еске сала кетсек, бұған дейін Елбасы "Хабар" телеарнасындағы "Штрихи к портрету" деректі фильмінде Әблязовтың сатқындығын сөз еткен еді.

Одан бөлек Нұрсұлтан Назарбаев Нұр-Сұлтандағы ең биік ғимарат "Әбу-Даби Плазаның" ең биік мұнарасын Қазақстанның құрметіне атайтынын мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/kazakhstan/1887327-nazarbaev-astanany-trkistanga-auystyruga-katysty-ojyn-ajtty/

Жарияланымға реакцияңыз?

Соңғы пікірлер

Барлық пікір саны: 2

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

жұлдыз

Нұрсұлтан Әбішұлы ғасырда бір рет қана туатын айрықша тұлға. Қазаққа оң қарайтын Құдайдың өзі берген аймаңдайлы асыл Азамат. Қазақтың тарихында есімі мәңгі қалатын Нұрсұлтан Назарбаевты шексіз қадырлеймін және жан жүрегіммен жақсы көремін. Ұлт Көсеміне, Тұңғыш Патшамызға Құдай 100 жас берсе екен деп тілеймін және сұраймын!

Comment reaction

жұлдыз

Нұрсұлтан Әбішұлы бір ғасырда бір рет қана туатын қайталанбас тұлға. Назарбаевты Қазаққа оң қарайтын Құдайдың өзі берген. Тұңғыш Патшамызды мен шексіз құрметтеймін және жан жүрегіммен жақсы көремін! Құдай өзі берген ерекше Ұлына ұзақ ғұмыр берсе екен. Нұрсұлтан Әбішұлы 100 жыл өмір сүрсе екен деп алақанымды жайып, сұраймын және тілеймін!

Comment reaction
jitsu gif