Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сапарбаевтың Қазан қаласына 20 млн теңгеге ұшып барғаны рас па

Опубликовано:

Бердібек Сапарбаев
Бердібек Сапарбаев. Фото: dailynews.kz

Жамбыл облысы әкімі ОКҚ-дағы онлайн брифингте әкімдік сатып алған қызметтер тізімінде көрсетілген 20 миллион теңгеге чартерлік рейс туралы ақпаратқа түсініктеме берді. Бердібек Сапарбаев ұшақ оған жалға берілмегенін мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында Жамбыл облысының әкімдігі Тараз-Қазан рейсінің VIP ұшағына 20 миллион теңге бөлді деген ақпарат жарияланды. Бұл шындыққа жанаспайды.
Әкім ешқашан Тараздан басқа аймаққа мемлекет қаражатына чартерлік рейспен ұшпайды. Біз бұл қиын жағдайда дәрігер жетіспеген кезде тәжірибесі мен дәрежесін есепке ала отырып, Қазан қаласының дәрігерлерін шақырдық. Қаражат оларды елге алып келуге жұмсалды", – деді Сапарбаев баспасөз мәслихатында.

Telegram-каналдың бірінде Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушыларды тасымалдау үшін әуе көлігі қызметін сатып алуы туралы ақпаратты жарияланған еді.

"Чартермен кім ұшады? Татар халқымен достықты нығайту үшін әкім бара ма? Әлде науқас балаларды емдеуге жібере ме? Мүмкін тәжірибе жинақтау үшін қазақстандық дәрігерлер ұшатын шығар?", – деп жазды автор.

Бұған дейін Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі құны 20 миллион теңге тұратын Қазан-Тараз-Қазан чартерлік рейсімен кімді тасымалдауды жоспарлап отырғанын түсіндірген болатын.

Әкімдік Қазан-Тараз-Қазан рейсі татарстандық дәрігерлердің Қазақстанға келуіне арналғанын айтты. Олар COVID-19 және пневмонияны емдеуде тәжірибе бөлісіп, медициналық көмек көрсетуге жәрдемдесті.

Еске салсақ, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев "Exclusive" бағдарламасының кезекті қонағы болып, сұхбат барысында жас әкімдерге кеңес беріп, өзінің меншігінде не бар екенін айтты.

Оған қоса, Жамбыл облысы коронавирустың екінші толқынына қаншалықты дайын екенін айтып берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887453-saparbaevty-kazan-kalasyna-20-mln-tegege-syp-bargany-ras-pa/

pixel