Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

COVID-19 жұқтырған Қырғызстанның экс-премьер-министрі жансақтау бөлімінде жатыр

Опубликовано:

Кубатбек Боронов
Кубатбек Боронов. Фото: sputnik.kg

Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Кубатбек Боронов Бішкектегі ауруханалардың бірінде жансақтау бөлімінде жатыр. Денсаулық сақтау саласындағы дереккөздер Бороновтың COVID-19 жұқтырғанын айтады деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Қазанда болған оқиғалардан кейін отставкаға кеткен Қырғызстанның бұрынғы премьер-министрі Кубатбек Боронов дәл қазір Бішкектегі ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр.

Денсаулық сақтау саласындағы дереккөздің мәліметінше, Боронов коронавирус жұқтырған сонымен қатар одан пневмония да анықталған. Экс-премьер-министрдің жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда екен.

Әзірге Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірмеген.

Айта кетсек, Кубатбек Боронов 2020 жылдың маусымы мен қазан айының аралығында премьер-министр болды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қырғызстанда президент сайлауына түсуге 63 адам өтініш бергенін жазған едік.

63 кандидаттың арасында сегіз әйел мен 55 ер адам бар. Олардың қатарында жұмыссыздар да, мемлекеттік қызметкерлер де, қоғам белсенділері мен бұрынғы және қазіргі шенеуніктер де бар.

Үміткерлер сай­лауға түсу үшін 3 желтоқсанға дейін 1 млн сом төлеп, 30 мың қол жинауы тиіс.

Сонымен қатар Қазақстан коронавируспен күресу үшін Қырғызстанға гуманитарлық көмек жіберген болатын. Оның ішінде өкпені жасанды желдету мобильді аппараттарының 400 данасы және Қазақстан кәсіпорындарда өндірілген 2 миллион медициналық бетперде бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887667-covid-19-zktyrgan-kyrgyzstanny-eks-premer-ministri-zansaktau-bliminde-zatyr/

pixel