Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бір-бірін кінәлайды": Тоқаев судьялар арасындағы мәселені қозғады

Жарияланған күні:

Қасым Жомарт Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысында сот және құқық қорғау жүйелерін реформалау мәселесіне назар аударды. Оның пікірінше, сот және құқық қорғау қызметіне озық IT-технологияны енгізу және цифрландыру жұмыстарын жалғастыру керек деп хабарлайды Ақорда.

Президент судьялар корпусы мен құқық қорғау органдарындағы жеке құрамның кәсіби біліктілігін арттыруға баса мән беру қажет екенін айтты. 

"Бізге жүйелі, соның ішінде, кадрлық сипаттағы шаралар қабылдау керек. Жоғарғы Соттың судьясы немесе облыстық соттардың төрағасы болсын судья лауазымына  тағайындаған кезде, ең алдымен, судьялар корпусының өзінде үлкен мәселе туындайды. Олар бір-бірін кәсіби біліксіз, жеке және басқа да байланыстарын пайдаланады деп кінәлайды. Осы тиімсіз тенденцияларды біржола жою қажет", – деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде реформалар жүргізу барысында барлық заңнамалық өзгерістер мұқият әрі егжей-тегжейлі пысықталуы керек екенін айтты.

"Бұл жерде мынадай мәселелерді түсіну маңызды: Қылмыстық және қылмыстық-процессуалдық заңнаманың жиі өзгеруі құқық қолдану тәжірибесінің тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Қателесу қаупін арттырады. Бұл азаматтарымыздың тағдырына әсер етуі мүмкін. Сондықтан бұл бағыттағы қадамымыз дұрыс. Келесі жылы осы саладағы реформалар жақсы қарқын алып, нақты нәтижелер көрсетуі тиіс", – деді президент.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1888681-tokaev-sudalar-bir-birin-ksibi-biliksiz-zeke-bajlanystaryn-pajdalanady-dep-kinlajdy/