Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің ең жасы қаншада

Опубликовано:

Сайлау
Фото: sputniknews.kz

Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров мәжіліс депутаттығына үміткерлердің ең жасы мен ең үлкенін айтты деп хабарлайды Астана арнасы.

Петровтің сөзінше, партиялық тізімге 222 ер, 90 әйел енгізілген.

"Орташа жас – 46 жас. 29 жасқа толмаған 19 адам бар. Ең жасы 1995 жылы туған, ең үлкені 1950 жылғы азамат. Тізімге енгендердің ішінде 12 ұлт өкілі бар. Олардың ішінде 79 пайызы қазақ, 13,8 пайызы орыс және қалғаны басқа ұлт өкілдері. Партиялық тізімдерге парламент мәжілісі VІ шақырылымының 34 депутаты енгізілді", - дейді ол.

Сонымен қатар Орталық сайлау комиссиясы фото, аудио және бейнежазба жүргізуге тыйым салмайтыны белгілі болды. Алайда, қаулыға сәйкес олардың бәрі дауыс беру құпиясы мен сайлаушының дербес дерегін ескеруі тиіс.

Айта кетейік, мәжіліс сайлауына түскен 5 партия 312 үміткерді ұсынып отыр. Оның ішінде "Ауыл" партиясынан – 19 кандидат, Nur Otan-нан 126, "Адалдан" – 16, "Ақ жолдан" – 38 және "Қазақстан халық партиясы" атынан 113 адам бар.

Ә. Өмірзақ

Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы мәжіліс депутаттарының сайлауы өтетін күнді белгілеген болатын. Оған сәйкес мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы 10 қаңтар күні өтеді.

10 желтоқсанда сағат 18:00-де ел бойынша мәжіліс сайлауына түскен партиялар арасында үгіт-насихат науқаны басталды.

Сонымен қатар еліміздің бас санитар дәрігері сайлауалды үгіт-насихат кезіндегі санитарлық шараларды бекітті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1888891-mzilis-deputattygyna-mitkerlerdi-e-zasy-kansada/

pixel