Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақстан территориясы - Ресейдің сыйлығы": СІМ ресейлік депутаттың сөзіне пікір білдірді

Опубликовано:

Вячеслав Никонов
Вячеслав Никонов. Фото: t.me/orda_kz/604

Ресей мемлекеттік думасының депутаты жергілікті телешоулардың бірінде даулы мәлімдеме жасады. Оның ойынша, "Қазақстанның территориясы - Ресей тарапынан үлкен сыйлық". Жағдайға қатысты еліміздің Сыртқы істер министрлігі пікір білдірді.

"Қазақстан болмаған, Солтүстік Қазақстанда адам қоныстанбаған. Олар болды, бірақ оңтүстікке қарай. Қазақстанның территориясы - Ресей және Кеңес Одағы тарапынан үлкен сыйлық", - дейді Вячеслав Никонов "Первый каналдағы" "Большая игра" бағдарламасының эфирінде.

Бұл мәлімдемеге қатысты Сыртқы істер министрінің орынбасары Марат Сыздықов Ресей Федерациясының Уақытша сенімді өкілі Александр Комаровпен кездесу барысында пікір білдірді. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

Сыздықов Никоновтың сөзіне түсініспеушілік білдірген.

"Кейбір ресейлік саясаткерлердің Қазақстанға қатысты арандатушылық әрекеттерінің жиілеп кетуі мемлекеттеріміз арасындағы одақтастық қатынастарға айтарлықтай нұқсан келтіретіні атап өтілді", - делінген ведомствоның хабарламасында.

ҚР СІМ Ресей тарапының мұндай мәлімдемелерге тиісті баға беруін күтуде және Ресей Федерациясының мемлекет қайраткерлерінен мұндай мәлімдемелерге жол бермеу үшін шаралар қабылдауға шақыратыны хабарланды.

"Ресейлік дипломатқа ҚР СІМ ұстанымы көрсетілген нота табысталды", - деді сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1889154-kazakstan-territoriasy---resejdi-syjlygy-sim-resejlik-deputatty-szine-pikir-bildirdi/

pixel