Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев екі адамға "Қазақстанның Еңбек ері" атағын берді

Опубликовано:

Тоқаев
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Вадим Басин мен Мұрат Қайыргелдинге "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Ақордаға сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасын экономикалық дамытудағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін: жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен "Отан" ордені тапсырылсын:

  • Басин Вадим Борисович – "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директоры, Қарағанды облысының Теміртау қаласы
  • Қайыргелдин Мұрат Амангелдіұлы – "Еуроазия энергетикалық корпорациясы" АҚ "Восточный" кенішінің машинисі, Павлодар облысының Екібастұз қаласы", делінген Жарлықта.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің отырысын өткізгені туралы хабарлаған болатынбыз.

Қазақстан президенті сот және құқық қорғау жүйелерін реформалау мәселесіне назар аударды. Оның пікірінше, сот және құқық қорғау қызметіне озық IT-технологияны енгізу және цифрландыру жұмыстарын жалғастыру керек.

Тоқаев судьялар корпусы мен құқық қорғау органдарындағы жеке құрамның кәсіби біліктілігін арттыруға баса мән беру қажет екенін айтты. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1889332-tokaev-eki-adamga-kazakstanny-ebek-eri-atagyn-berdi/

pixel