Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Франция президенті коронавирус жұқтырып алды

Опубликовано:

Эммануэль Макрон
Фото: instagram.com/emmanuelmacron

Франция президенті Эммануэль Макроннан COVID-19 инфекциясы анықталды. Мемлекет басшысының коронавирус жұқтырғанын Елисей сарайы растаған.

РИА Новостидің жазуынша, Макронға диагноз RT-PCR тестінен өткен соң қойылған.

Бұл тест ауру белгілері алғаш рет біліне бастағанда жасалады.

Сонымен қатар бекітілген ережеге байланысты Франция президентінің 7 күнге оқшауланатыны белгілі болды. Ал жұмысын қашықтықтан жалғастыра бермек.

BFMTV телеарнасының хабарлауынша, елдің премьер-министрі Жан Кастекс де өзін-өзі оқшаулау режиміне көшеді.

Айта кетейік, коронавируспен бұған дейін Франция үкіметінің бірнеше мүшесі ауырып шыққан еді. Олардың арасында экономика министрі Брюно Ле Мэр де бар.

Ал COVID-19 инфекциясын жұқтырған әлемдік тұлғалар арасында АҚШ президенті Дональд Трамп, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон, Бразилия президенті Жаир Болсонару, Монако князі Альбер II, Украина президенті Владимир Зеленский бар.

Айта кетейік, еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев та коронавирустан емделіп шыққан еді.

Елбасыдан коронавирус инфекциясы анықталғаны туралы 18 маусымда белгілі болды.

Жалпы бүгінде елімізде COVID-19 жұқтырғандар саны 144 523-ке жетіп отыр. Өткен тәуліктің өзінде 788 адамнан коронавирус анықталған. Олардың дені Нұр-Сұлтан қаласында. Ал жазылғандар саны 128 964.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1889764-francia-prezidenti-koronavirus-zktyryp-aldy/

pixel