Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше заңға өзгерістер енгізді

Опубликовано:

Фото
Фото: Ақорда

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қылмыстық процесте азаматтардың құқығын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша заңға түзетулер енгізді деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Сонымен қатар, "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адамдарды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберу кезінде ұстап алу мерзімдерін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына да қол қойылғаны белгілі болды.

Одан бөлек, Қасым-Жомарт Кемелұлы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне персонал беру жөніндегі қызметтерді көрсету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды.

Заңның мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қазақстан президенті Twitter-дегі ресми аккаунтында Геннадий Головкинге арналған жазбасын жариялаған болатын. Мемлекет басшысы қазақстандық боксшыны кезекті жеңісімен құттықтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1889896-kasym-zomart-tokaev-birnese-zaga-zgerister-engizdi/

pixel