Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Еліміз өзіңмен мақтанады": Тоқаев Головкинді жеңісімен құттықтады

Опубликовано:

Қасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter-дегі ресми аккаунтында Геннадий Головкинге арналған жазбасын жариялады. Мемлекет басшысы боксшыны кезекті жеңісімен құттықтады.

"Геннадий Головкинді сенімді жеңісімен құттықтаймын! Біздің боксшымыз орта салмақта IBF және IBO тұжырымдамасы бойынша әлем чемпионы атағын қорғады. Гена өзінің жоғары шеберлігі мен жеңіске деген мықты ерік-жігерін тағы бір мәрте дәлелдеді. Еліміз өзіңмен мақтанады!", – деп жазды мемлекет басшысы.

Аталған байрақты жекпе-жек Голливудта өтті (АҚШ, Флорида штаты). Орта салмақта қазақстандық спортшыға тиесілі IBF және IBO әлемдік титулдары сарапқа салынды. Жекпе-жек жоспарланған он екі раундқа толық созылмады, айтулы бәсеке Головкиннің мерзімінен бұрын жеңісімен аяқталды.

Айта кеткен жөн, қазақстандық боксшы және орта салмақтағы IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин поляк Камил Шереметаны жеңгеніне байланысты мәлімдеме жасаған еді.

Еске салсақ, "Ювентус" футбол клубының шабуылшысы Криштиану Роналду қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің титулды жекпе-жегіне сәттілік тілеген болатын.

Оған қоса, британдық БАҚ Геннадий Головкин мен поляк боксшысы Шереметаның алдағы жекпе-жегіне жасаған болжамын баршаның назарына ұсынған еді. Соған сәйкес, британ журналисі Пол Мейсон қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа жіберетініне сенім білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1889833-elimiz-zimen-maktanady-tokaev-golovkindi-zeisimen-kttyktady/

pixel