Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Джо Байден халық алдында коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

Опубликовано:

Джо Байден
Фото: Joshua Roberts/Getty Images

Биыл АҚШ президенті болып сайланған Джо Байден "Пфайзер-БайонТек" компаниясының вакцинасын тікелей эфирде халық алдында қабылдады деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Дэлавер ауруханаларының бірінде болған Байден америкалықтарды вакцина қабылдаудан қорықпауға шақырды.

Айтуынша, қазіргі қиын-қыстау заманда америкалықтар үшін сарапшылардың пікіріне құлақ асу әрі сақтық шараларын сақтау аса қажет.

АҚШ-та өткен апта ішінде 1,5 миллион америкалық коронавируспен ауырып, індетті жұқтыру көрсеткіші 1,3 процентке өскен. Елдің 17 штатында ауырғандардың саны күн санап артып келеді.

"Вакцина барынша қолжетімді болған кезде америкалықтар оны қабылдауға дайын болулары керек. Уайымдаудың еш қажеті жоқ. Ең маңыздысы, бұл вакцина жай бастамасы ғана. Алдағы уақытта "Модерна" екпесі де қолжетімді болады. Бірақ ол үшін белгілі бір уақыт қажет.

Бастысы, денсаулық сақтау мамандарының кеңесіне немқұрайлы қарамаңыздар. Алдағы мереке күндері маска тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтауды қаперлеріңізде ұстаңыздар", – дейді Джо Байден.

Еске салсақ, Джо Байден коронавирустың жаңа түрінен жыл соңына дейін тағы 250 мың америкалықтың қайтыс болуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Елдегі ахуалға оралсақ, Асқар Мамин Қарағанды фармацевтикалық кешеніне барып, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путиннің арасындағы уағдаластықтарды іске асыру аясында "Спутник V" вакцинасын өндіруді бастап берген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1890291-dzo-bajden-halyk-aldynda-koronaviruska-karsy-vakcina-saldyrdy/

pixel