Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жынымды келтірмеңізші": Жұманғарин ресейлік депутаттардың шулы мәлімдемесіне жауап берді

Опубликовано:

Серік Жұманғарин
Фото: ult.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин ресейлік депутаттардың Қазақстан территориясына қатысты шулы мәлімдемесіне жауап берді. Ол бұл жайтқа байланысты өз пікірін Facebook-тегі ресми парақшасында жариялаған.

Серік Мақашұлы өз жазбасында Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің басшысы Мұхтар Тілеубердінің ресейлік депутаттарға қатысты айтқан сөздерін келтірген.

"Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді біздің территориямыздың, шекарамыздың тұтастығына және тарихымызға өз мәлімдемелерімен қолсұғушылық жасаған ресейлік депутаттар мен саясаттанушыларға дипломатиялық деңгейде тарихтан сабақ берді.

"Еліміздің тарихын білетін адам ретінде мен бұған орыс тілінде "это бред сивой кобылы" деп жауап қайтарар едім. Мұндай жағдай орын алғанда ең алдымен тарихқа жүгіну керек. СІМ басшысы ретінде бұл Ресей Федерациясының ресми ұстанымына сәйкес келмейтіні сөзсіз екенін айтқым келеді". ( СІМ басшысының сөзінен - ред)

Бұл қазақ халқының "жынымды келтірмеңізші!" деген сөзінің сыпайы баламасы" - дейді агенттік төрағасы.

Айта кетсек, бір жыл бұрын дәл осы сөз Жұманғаринді жұртқа танымал еткен еді. Сол кезде Ұлттық экономика вице-министрі болған Серік Жұманғариннің тарифке қатысты сұрақ қойған тілшіге осылайша жауап беруі жұрттың ашуын келтірген болатын.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ресейлік депутат Вячеслав Никоновтың "Қазақстан территориясы Ресейдің сыйлығы" деген даулы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1890748-zynymdy-keltirmeizsi-zmangarin-resejlik-deputattardy-suly-mlimdemesine-zauap-berdi/

pixel