Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елбасы Бердібек Сапарбаевқа ризашылығын білдірді

Опубликовано:

сапарбаев
Фото: elbasy.kz

Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевты қабылдады деп хабарлайды Елбасының ресми сайты.

Кездесуде Нұрсұлтан Әбішұлына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы және пандемия жағдайында азаматтарды қолдауға бағытталған шаралар туралы баяндалды.

Қазақстанның Тұңғыш президенті Бердібек Сапарбаевқа «Қамқорлық» бастамасын қолдап, облыстық көпсалалы балалар ауруханасының базасында оңалту орталығын ашқаны үшін өз ризашылығын білдірді.

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірге инвестиция тарту жұмысы жөнінде ақпарат берілді.

Ұсынылған мәліметтерге сәйкес, осы жылдың соңына дейін Жамбыл облысына 368 миллиард теңгеге жуық инвестиция тартылады.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Кездесу барысында 2020 жылдың қорытындысы бойынша Қарулы күштердің жауынгерлік және жедел дайындығының нәтижелері, сонымен қатар оны жетілдіру бағытында қабылданған шаралар туралы баяндалды.

Одан бөлек, Қорғаныс министрі әскери медицинаның дамуы және Қарулы күштердің коронавирус пандемиясына қарсы іс-шараларға атсалысқаны жөнінде айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1891598-elbasy-berdibek-saparbaevka-rizasylygyn-bildirdi/

pixel