RU

Президент 2020 жылы қай шенеуніктерді сынға алды

Фото
Фото: Ақорда

2020 жылы Қазақстан президенті мен үкіметінің жұмысы туралы жүздеген жаңалық жаздық. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаевтың биыл кімге және неге риза болмағанын, сонымен қатар, мемлекет басшысының қандай шенеуніктерді сынға алып, ұрысқанын KAZ.NUR.KZ ұсынады.

Осы жылдың шілде айында, елімізде коронавирус індеті өршіген тұста Қасым-Жомарт Тоқаев медициналық сақтандыру қоры мен "СК-Фармация" басшылықтарының жұмысына наразы екенін көпшіліктің алдында ашып айтып, тиісті тапсырма берді.

Ол қор басшысының айналасында өсек пен неше түрлі ақпараттың өріп жүргенін жеткізді.

Президенттің сыны қисынды. Себебі қор басшысының жарының әрекетіне қоғам наразы еді. Әйел сол уақыттарда күйеуі 12-көлігін сыйға тартып жатқанын хабардар етті.

Қор басшысы Айбатыр Жұмағұлов пен "СК-Фармация" мекемесінің басшысы Берік Шәріп жұмыстан шығарылды - оларға қатысты қылмыстық іс қозғалды, кейінірек Тоқаев бұл жөнінде үкіметке ескерту жасады.

Тоқаев
Фото: Sputnik / Владислав Воднев

Коронавирустың таралуын тоқтату туралы кездесуде Тоқаев Қазақстан індеттің алғашқы толқыны кезінде маскалар мен дәрі-дәрмектердің бағасын көтеру түріндегі сыбайлас жемқорлыққа тап болғанын атап өтті.

Президент фармацевтикалық бизнес картельдерімен жұмыс істеуді тапсырды - сонымен қатар пандемия кезінде кең өкілеттіктер берілген полиция, әкімдіктер мен бақылау топтарының жұмысын тексеру қажеттігін ескертті.

Бұған дейін Тоқаев елдегі дәрі-дәрмектің қымбаттауына жауаптыларды жазалауға уәде берген.

Люди в аптеке
Фото: NUR.KZ / Петр Карандашов

Қазақстанда коронавис жағдайларын жасыру дерегі

"Бірқатар облыстарда коронавирус індетіне қатысты жаңа жағдайларды жасыру деректері анықталды. Әңгіме Шығыс Қазақстан,  Солтүстік Қазақстан,  Павлодар,  Ақмола,  Қостанай және басқа да облыстар жайында болып отыр. Өтірікті шындай сөйлету аса қауіпті құбылыс екенін түсіну керек. Өйткені ол шынайы қауіптің бетін бүркемелейді. Сондай-ақ  бүкіл еліміз бойынша коронавирус індетіне қарсы жүргізіліп жатқан күрес стратегиясына зиянын тигізеді.
Қазіргі ахуал жете бағаланбай, қабылданған шаралар толық жүзеге асырылмай отыр. Халықтың індеттен сақтану деңгейі төмендеп кеткен. Бұл – аксиома. Мұндай жағдай әлемнің көптеген елінде байқалуда. Аталған проблеманың біздің денсаулық сақтау жүйемізде де созылмалы сипат алғанын мойындауымыз керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Денсаулық сақтау министрлігі бұл сынға қатысты пікір білдірді. Министрліктің комитет басшысының сөзінше, кейбір фактілер жай ғана "толық зерттелмеген".

"Аймақтарға сапарлар зертханалардың бәрі бірдей аумақтық зертханалармен біріктірілген жүйе орнатпағанын және оң зерттеулердің нәтижелері әрқашан уақытылы берілмейтінін көрсетті. Бұл жағдайларды ескермеген фактілер болды", - деді Айжан Есмағамбетова.

Павлодар облысында жасыру фактілерінің жоқ екендігі айтылды.

дәрігер
Көрнекі фото: NUR.KZ

Коронавирустың екінші толқыны Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдердің кінәсі

Шілде айындағы телеүндеуінде президент денсаулық сақтау министрлігін жүйелік қателіктер жіберді деп айыптады. Одан бөлек, пневмонияның өсуіне байланысты кейбір әкімдерді де сынады.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қызметінен кетті. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында коронавирус жұқтырғаннан кейін өз еркімен жұмыстан кетуді "сұрағанын" мәлім етті.

Кейінірек Біртанов қамауға алынып, оған қатысты іс қозғалды.

Фото
Фото: Ақорда

Жазда Қазақстанда Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті, онда Президент Тоқаев бүкіл министрлер кабинетін таратуы мүмкін еді - ол бұндай қадамға бару туралы кеңес берілгенін де жеткізді, бірақ мемлекет басшысы басқаша шешім қабылдады.

"Ашығын айтайын. Осы отырысқа дайындық барысында маған кейбір өңірлер мен мекемелердің бірінші басшыларын қызметтен босатуды, тіпті үкіметті тарату туралы кеңес бергендер де болды. Қоғам мұндай қадамды жақсы қабылдайды, ұпай жинайсыз деді. Маған ұпай керек емес. Мен жауапты адамдарды тыңдауға дайынмын, бірақ жұртшылыққа жағу үшін ондай "ойынға" бармаймын", - деген еді мемлекет басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1891752-tokaev-2020-zyly-kandaj-seneunikterdi-synga-aldy/