Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есеңгіреп, көңілсіз күйге түстім": Байден Вашингтондағы оқиғаны бүлік деп атады

Опубликовано:

Джо Байден
Джо Байден. Фото: Justin Sullivan/Getty Images

Байден Трамптың жақтастарының Вашингтондағы Капитолийге баса көктеп кіруін жай наразылық емес, бүлік деп атады.

АҚШ-тың кезекті президенттік сайлауында жеңіске жеткен Джозеф Байден халыққа үндеу жасады. Ол Вашингтонда болып жатқан оқиғаны бүлік деп атап, тәртіпсіздіктерді тоқтатуға шақырды деп жазады РБК.

"Сайланған үкіметке қауіп төндіру - бұл наразылық емес. Бұл бүлік. Әлем не болып жатқанын бақылап отыр. Басқа америкалықтар сияқты мен де ұзақ уақыт бойы демократияның жарқын үлгісі болып келген ұлтымыздың осындай қараңғылыққа тап болғанына есеңгіреп, көңілсіз күйге түстім", - дейді Байден.

Байден Трамптан өз жақтастарының әрекетін дереу бұрыс деп табуын талап етуде.

Еске салсақ, бүгін 7 қазанда Дональд Трамптың жақтастары Капитолийге, одан кейін Вашингтондағы Сенат залына баса көктеп кірген еді. Онда президенттік сайлаудың нәтижелерін бекітуге бағытталған кездесулер өтуі тиіс болған. Оқиға салдарынан жарақат алғандар бар, бір адам қайтыс болды.

Сол арада Instagram, Facebook, Twitter және Youtube Дональд Трамптың аккаунтын бұғаттап тастағаны белгілі болды.

Әлеуметтік желілердің әкімшілігі мұндай видео олардың талаптарын бұзатынын мәлімдеген. Осылайша, АҚШ президенті осы уақыт аралығында аталмыш тұғырнамаларда ештеңе жариялай алмайтын болып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1892622-esegirep-kilsiz-kjge-tstim-bajden-vasingtondagy-okigany-blik-dep-atady/

pixel