jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Тірі болса, кеші бұл жерде өтпес еді": Оралда Арман Дүйсеновты еске алу кеші өтті (видео)

    Арман Дүйсенов
    Арман Дүйсенов. Фото: instagram.com/indiraelemes

    Оралда белгілі сазгер, марқұм Арман Дүйсеновты еске алу кеші өтті. Кешке сазгердің барша досы, жерлестері, өнерін құрметтейтін қауым жиналды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Бұл туралы Арман Дүйсеновтың жұбайы сазгердің желідегі парақшасында жазды.

    "7 қазан күні Орал қаласында асыл жарым, ел еркесі, композитор Арман Дүйсеновті еске алуға арналған кеш дүркіреп өтті.

    Алматы мен Астанадан арнайы келген өнердегі достары Арманның әндерін әуелетіп, Батыс жұртына ерекше көңіл күй сыйлады.

    Арманның әнін ардақтап, есімін ел жадында жаңғыртқандарыңыз үшін рақмет!

    Арманның әндері әлі талай жүректе шырқала берсін!", - делінген жзабада.

    Кешке Сәкен Майғазиев, Ақбота Керімбекова, Ринат Зайытов, Айман Нұразхан т.б. өнер иелері арнайы барған.

    Кеште сөз алған Ринат Зайытов сазгерге арнаған өлеңін оқып, көпшілікті толқытты. Ол өз сөзінде:

    "Арман ағамыз тірі болғанда, бұл кеш мұнда өтпес еді. Астанада, үлкен стадионда өтер еді", - деді ол.

    Ал Арманның замандасы Айман Нұразхан желіге жантебірентерлік жазба арнады.

    "Сағынышымыз басылар емес, Арман ағааау… Уақыт өткен сайын сағыныштың салмағы сезіле түседі екен. Өнеріңізбен, әндеріңізбен, жүрекке қалдырған іздеріңізбен әлі де ортамыздасыз", - деп жазды ол.

    "Тірі болса, кеші бұл жерде өтпес еді": Оралда Арман Дүйсеновты еске алу кеші өтті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram