Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұл немере үшін қатты өкінемін": Назарбаев туралы кезекті фильмнің тизері жарық көрді (видео)

Опубликовано:

Нұрсұлтан Назарбаев
Скриншот: "Хабар" телеарнасы

Ертең "Хабар" телеарнасы "Штрихи к портрету" деректі фильмі жобасының жалғасын көрсетеді деп мәлімдеді тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің ресми Twitter парақшасында.

Елбасының баспасөз хатшысы деректі фильмнің үшінші бөлімінің тизерін жариялады.

"8 қаңтарда 21.45-те "Хабар" телеарнасының эфирінде "Штрихи к портрету" деректі жобасының жалғасы шығады. Фильмнің үшінші бөлімінде саясатқа қатысты сұрақтар аз болады, жеке өмірі мен бұған дейін белгісіз болған жайттар туралы көбірек сөз қозғалмақ", - деп жазды ол.

Еске сала кетейік, қазақстандықтар бұған дейін "Штрихи к портрету" жобасының 2 бөлімін тамашалай алған еді. Бірінші бөлімде Елбасы анасының қазасы туралы сөз қозғаған еді. Ол, сондай-ақ, президент үнемі күйзелісте болатынын айтып, ағынан жарылған болатын.

Одан бөлек, Назарбаев сенім артқан адамдарының сатқындығы туралы сөз қозғап, нені кешіруге дайын екенін де айтып берген еді.

"Біз жас мемлекет едік, алда белгісіздік болды, бізге ешкім мемлекетті қалай басқаруды үйретпеді, біз еш жерден тәжірибе алмадық, қалай әрекет ету керектігін және не істеу керектігін білмедік және қателіктер кеткен болуы мүмкін. Кадрлармен қамтамасыз етуде әрдайым қателіктер болады. Адамға жүз пайыз сенгеніңде, ол сенің арқаңа тас ататыны, өте жиіркенішті. Еш себепсіз, сен оған жақсылық жасадың, ал ол болса, қаралыққа толы жеккөрушілікпен жауап берді", - деп ойымен бөліскен болатын Елбасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1892653-nemerem-sin-te-kinemin-nazarbaev-turaly-filmni-tizeri-zaryk-krdi/

pixel