Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Енді кездеспейміз деді": Назарбаев жақынының қазасы туралы айтты

Опубликовано:

Фото
Фото: Elbasy.kz

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Хабар" телеарнасындағы "Штрихи к портрету" деректі фильмінде уақыт өтсе де, басылмайтын ауыр сезім туралы айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Анам мені жақсы көретін. Анасы баласын жанындай жақсы көруі керек, сонда ол бала табысқа жетеді. Ол мені өзге балаларынан артық жақсы көретін, мұны жасырмай айтатын еді. Ол мені өмірден де артық жақсы көретінін сездім", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Теміртауда жүрген уақытта анасы Алматыға қашан оралатынын сұрапты. Бірақ сол кезде Елбасы отау құрып, саяси жолын бастаған. Теміртауда партияның облыстық комитетіне сайланыпты.

Кандидатураны бекіту үшін Мәскеуге барар алдында ол ата-анасының үйіне барғанын сөз етті.

"Ол төсек тартып жатты. Тұра алмады. Мен қоштасып, Мәскеуге барып келетінімді айттым. Ол: біз енді кездеспейміз, деді", - деп еске алды Елбасы.

Оның сөзінше, дәргерлер анасы орнынан тұра алмайтынын айтқан.

"Бірақ ол орнынан тұрып, мені шығарып салды. Батасын берді. Қазір бәрін тастап, анамның жанында болып, емдеуім керек еді деп ойлаймын. Бұл мені үнемі мазалайды", - деді Назарбаев.

Ол Мәскеуде болғанда анасы өмірден өткен екен.

"Мен үйге оралып, анамды жерледім. Туған күнімнің алдында жыл сайын ата-анамның басына барамын. Ол әкемнен соң алты жылдан кейін көз жұмды. Қарапайым адамдар болатын, еш жерде оқыған жоқ. Бірақ өмірлік даналығы көп еді", - деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті. 

Нұрсұлтан Назарбаев мұндай ауыр сезім ешқашан есінен кетпейтінін атап өтті.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өкілеттігін тоқтатар алдында Қасым-Жомарт Тоқаевпен тілдескенін еске алған еді.

Сонымен қатар, Елбасы астананы Түркістанға ауыстыруға қатысты ойын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1887483-endi-kezdespejmiz-dedi-nazarbaev-zakynyny-kazasy-turaly-ajtty/

pixel