Парламент сайлауы: Кешкі сегізге дейін қанша қазақстандық дауыс беріп үлгерді
Жарияланған күні:
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес 2021 жылғы 10 қаңтарда Нұр-Сұлтан уақыты сағат 20.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санынан 63,1% алды деп жазады Орталық сайлау комиссиясы.
Олардың ішінде өңірлер бойынша:
Ақмола облысы бойынша – 72,8 %
Ақтөбе облысы бойынша – 57,7 %
Алматы облысы бойынша – 73,5 %
Атырау облысы бойынша – 55,5 %
Батыс Қазақстан облысы бойынша – 61,5 %
Жамбыл облысы бойынша – 72,2 %
Қарағанды облысы бойынша – 70,7 %
Қостанай облысы бойынша – 71,8 %
Қызылорда облысы бойынша – 72,7 %
Маңғыстау облысы бойынша – 54,0 %
Павлодар облысы бойынша – 71,3 %
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 75,5 %
Түркістан облысы бойынша – 65,8 %
Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 72,4 %
Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 45,1 %
Алматы қаласы бойынша – 30,3 %
Шымкент қаласы бойынша – 56,5 %.
Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда парламент мәжілісінің депутаттарын сайлау басталғанын жазған едік.
Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақытымен сағат 7.00-дегі жағдай бойынша 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесі дауыс беруге кіріскен.
Дауыс беру кешкі сағат 20:00-де аяқталады.
Сонымен қатар, атыраулық ата-ана қызына Сайлау деп ат қойғанын хабарлаған болатынбыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893005-parlament-sajlauy-keski-segizge-dejin-kansa-kazakstandyk-dauys-berip-lgerdi/