Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атыраулық ата-ана қызына Сайлау деп ат қойды

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Сайлау өтіп жатқан 10 қаңтарда түске дейін Атырау облысында 12 нәресте өмір есігін ашты. Соның ішінде бір ата-ана балаларының есімін елдегі саяси оқиғамен байланыстырып атаған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Атырау облысының тұрғыны Шынар Төлеушова баласының атын неліктен Сайлау деп қойғанын түсіндіріп берді.

Оның сөзінше, жанұясында балаларға мағынасы бар ерекше ат қою дәстүрге айналған.

"Мысалы, үшінші қызымызды Құралай деп атадық. Бұл ол оншақты күн  ауа райы құбылатын көктем мезгілі. Ол уақытта 2-3 күн қатты жел болып, жаңбыр жауады. Ал бүгін сайлау күні дүниеге келген төртінші қызымызға барлығы үшін маңызды күнмен байланысты ат қойдық", - деді Шынар.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі сайлау күні Атырау облысында 12 нәресте өмірге келгенін хабрадар етті: 5 ұл және 7 қыз.

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда парламент мәжілісінің депутаттарын сайлау басталғанын жазған едік.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақытымен сағат 7.00-дегі жағдай бойынша 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесі дауыс беруге кіріскен.

Дауыс беру кешкі сағат 20:00-де аяқталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1892987-atyraulyk-ata-ana-kyzyna-sajlau-dep-at-kojdy/

pixel