Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Exit poll нәтижесі жарияланды: Мәжіліске қанша партия өтті

Жарияланған күні:

фото
Көрнекі фото: Sputnik / Владислав Воднев

Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауының exit poll нәтижелері жарияланды. Бұл туралы "Қоғамдық пікір" зерттеу институтының директоры Айнұр Мәжитова мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оның айтуынша, Қоғамдық пікір институты 10 қаңтар күні сайлау учаскелерінен шыға берісте азаматтарға сауалнама - exit poll жүргізген.

Институттың интерверлері 600 сайлау учаскесінде сауалнама өткізгені белгілі болды. Оның ішінде - 316-сы қалада, 284-і ауылда. Сауалнама Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларын, барлық облыс орталықтарын, аудандық маңызы бар қалаларды, шағын қалаларды және ауылдық елді мекендерді қамтыған.

"Күні бойы сауалнаманының 4 толқыны өткізілді. Нәтижесінде 24 мың сайлаушыға сауалнама жүргізілді. Сауалнама қателігі 2 пайыз шамасында. Сауалнама жүргізу жұмысына 600-ден астам интервер атсалысты", - деді Мәжитова.

Мәжіліс депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері былай бөлінді:

  • Қазақстан Халық партиясы - 9,03 пайыз дауыс;
  • "Nur Otan" партиясы - 71,97 пайыз дауыс;
  • "Ауыл" партиясы - 5,75 пайыз дауыс;
  • "Ақ жол" партиясы - 10,18 пайыз дауыс;
  • "ADAL" партиясы - 3,07 пайыз дауыс.

Айта кетейік, мәжіліске өту үшін партия кем дегенде 7 пайыз жинауы тиіс.

Данные экзит-пола
«Қоғамдық пікір»: Кадр из трансляции

Еске сала кетсек, осыған дейін Қазақстанда парламент мәжілісінің депутаттарын сайлау басталғанын жазған едік.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және елорданың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақытымен сағат 7.00-дегі жағдай бойынша 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесі дауыс беруге кіріскен.

Сонымен қатар, атыраулық ата-ана қызына Сайлау деп ат қойғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893010-exit-poll-ntizesi-zarialandy-mziliske-kansa-partia-tti/