Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парламент сайлауы: Үшінші exit poll нәтижесі шықты

Опубликовано:

Қызылорда облысы әкімдігі
Көрнекі фото: Қызылорда облысы әкімдігі

Мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауының үшінші exit poll нәтижесі жарияланды. Қорытындыны "Астана-Зерттеу" қоғамдық қоры ұсынған деп жазады BAQ.KZ.

Басылым мәліметінше, сауалнама еліміздің 14 облысы мен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы 170 сайлау учаскесінде күні бойы жүргізілген.

Интервьюерлердің 102 қалалық және 68 ауылдық жерлерде жұмыс істегені белгілі болды.

Барлығы 34 мың сайлаушыға сұрау салынды. Қателік коэффициенті 1,2% құрайды.

Оның нәтижелері мынадай:

  • "Nur Otan" партиясы - 73,75 пайыз;
  • "Ақ жол" партиясы - 10,13 пайыз;
  • Қазақстан Халық партиясы - 8,17 пайыз;
  • "Ауыл" партиясы - 4,8 пайыз;
  • "Адал" партиясы - 3,15.

Еске сала кетсек, алғашқы exit poll нәтижесін "Қоғамдық пікір" зерттеу институты ұсынса, екіншісін "Демократия институты" жүргізген болатын.

Exit Poll дегеніміз не

Сайлау кезінде дауыс берген азаматтардың арасында өткізілетін анонимді сауалнама "Exit Poll" деп аталады. Экзит-полл сайлаудың алдын ала нәтижесін жасау арқылы оны бұрмалауға жол бермейді.

Заң бойынша экзит-поллды сайлауға дейін өткізуге болмайды. Сайлау кезінде дауыс беретін үй-жайлардың ішінде де жасауға рұқсат жоқ. Экзит-полл тек сыртта дауыс берген сайлаушылар арасында ғана жүргізіледі.

Ал оның нәтижесін жариялағанда ақпарат көзін, сауалнаманың уақытын, мәлімет жинаудың әдіс-тәсілін, нақты сұрақты, сауалнамаға қатысқан адамадардың саны мен қателік коэффицентін міндетті түрде көрсету керек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893057-parlament-sajlauy-sinsi-exit-poll-ntizesi-sykty/