ОСК парламент мәжілісі сайлауының соңғы нәтижелерін жария етті
Жарияланған күні:
Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы парламенттік сайлаудағы дауыс берудің соңғы нәтижелерін жариялады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Дауыс беру қорытындылары бойынша үш партия - "Нұр Отан", "Ақ жол" және ҚХП мәжіліске өтті.
Олардың барлығы қажетті 7% дауысты жинаған.
Жалпы, дауыстар сына келесідей бөлінді:
"Нұр Отан" партиясы - 71,09%; Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 10,95%; Қазақстан халық партиясы - 9,10%; "Ауыл" халықтық-демократиялық партиясы - 5,29% "Адал" саяси партиясы - 3,57%.
Депутаттық мандаттар саны бойынша: "Нұр Отанда" 76 мандат, "Ақ жолда" 12 мандат, ал Қазақстан халық партиясында 10 мандат бар.
Еске салсақ, бұған дейін мәжіліс пен мәслихат депутаттары сайлауының үшінші exit poll нәтижесі жарияланған болатын.
Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын парламент мәжілісі депутаттарын сайлау қорытындыларын Орталық сайлау комиссиясы шығарады.
Дауыс беруге Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев, президент Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚХА өзге мүшелері қатысты.
Одан бөлек, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVIII сессиясында Нұр-Сұлтан қалалық сайлау комиссиясы дауыс беру нәтижесін жариялады.
Дауыс беруге қатысқан ҚХА мүшелерінің жалпы саны - 351 адам. Дауыс беру нәтижесінде ҚХА-ның 9 кандидаты парламент мәжілісіне өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893275-osk-mzilis-sajlauyny-sogy-ntizelerin-zaria-etti/