Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дональд Трамп импичменттен кейін мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Дональд Трамп
Дональд Трамп. Фото: Chris Kleponis/Polaris/Bloomberg via Getty Images

АҚШ президенті Дональд Трамп америкалықтарға мәлімдеме жасады. Саясаткер өзінің видео-хабарламасында зорлық-зомбылықты айыптап, АҚШ азаматтарын бірігуге шақырды. Дональд Трамп мәлімдеме жасау кезінде импичмент туралы пікір білдірмеді деп жазады РИА Новости.

"Мен соңғы аптада болған зорлық-зомбылықты айыптағым келеді ... Жаппай зорлық-зомбылық менің сенімдеріме және біздің қозғалысымыздың барлық ұстанымдарына қайшы келеді", - деді президент.

Ол қазіргі уақытта бүкіл елдің мүддесіне назар аудару қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, мемлекет басшысы барлық америкалықтарды "осы сәттегі құмарлықтарды жеңе отырып, бірігуге" шақырды.

Сонымен қатар, Дональд Трамп өзінің мәлімдемесі барысында сөз бостандығы тақырыбына тоқталды. Оның айтуынша, соңғы кезде сөз бостандығына "бұрын-соңды болмаған шабуылдар" жасалып жатыр.

"Бұл шиеленісті және қиын кезең. Біздің азаматтарды цензуралап, оларды қара тізімге енгізіп-шығару әрекеттері - бұрыс әрі қауіпті әрекет. Бізге бүгінде бір-біріміздің сөзімізді тыңдап, бір-бірімізді үнсіз отыруға мәжбүрлемеу қажет", - деді Трамп.

Дональд Трамптың айтуынша, ол Америка астанасында жаңа толқулар болуы мүмкін деген хабарлар аясында тәртіпті сақтау үшін барлық ресурстарды пайдалануға бұйрық берді.

Сонымен қатар, Трамп бір апта бұрын Капитолийде болған тәртіпсіздіктерге жауаптылар жазаланады деп уәде етті.

Еске салайық, Дональд Трампқа өкілдер палатасында импичмент жарияланды. Енді сенат президенттің болашақ тағдыры туралы шешім қабылдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1893653-donald-tramp-impicmentten-kejin-mlimdeme-zasady/

pixel