Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Шәпкенов еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болды

Опубликовано:

Серік Шәпкенов
Серік Шәпкенов. Фото: strategy2050.kz

Серік Жамбылұлы Шәпкенов Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Тиісті қаулыға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

"Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып тағайындалсын", - делінген президент жарлығында.

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті Біржан Нұрымбетов атқарды.

Ол еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі болып 2019 жылдың 20 тамызында тағайындалған еді.

Ал Серік Шәпкенов жаңа қызметіне дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі болған. Бұл қызметке шенеунік 2020 жылдың 4 маусымында тағайындалған болатын.

Айта кетейік, Серік Шәпкенов 1979 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауылында дүниеге келген.

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін "экономист-математик" мамандығы бойынша тәмәмдаған. 

Еңбек жолын 2000 жылы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде оқытушы болып бастаған.

Әртүрлі жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты құрылымында жұмыс істеген. 

2012-2015 жылдары Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, 2015-2016 жылдары президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2016-2018 жылдары Атырау қаласының әкімі, 2018 жылдан бастап 2020 жылдың 4 маусымына дейін Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894369-serik-zambylly-ebek-zne-halykty-leumettik-korgau-ministri-bolyp-tagajyndaldy/

pixel