Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елжан Біртановты қамауға алу мерзімі ұзартылды

Опубликовано:

Елжан Біртанов
Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты қамауға алу мерзімі 2021 жылдың 28 ақпанына дейін ұзартылды. Бұл туралы қорғаушы Дмитрий Куряченко хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Куряченконың айтуынша, үй қамауы төрт айға дейін ұзартылған.

"Үй қамауының мерзімі ұзартылды, өйткені оған үй қамағынан басқа бұлтартпау шарасы тағайындалмады. Мерзім (үй қамаққа алу - ред.) тергеу амалдары әлі де жүргізіліп жатқандығына байланысты ұзартылды. Бұған тергеу себеп", - дейді адвокат NUR.KZ тілшісіне.

Сонымен бірге Дмитрий Куряченко үй қамағына алу және оның мерзімін ұзарту туралы өтінішхатты заңсыз деп тануды сұраған.

"Мен олардың ешқайсысын қолдануға негіз жоқ деп өтініш білдірдім. Біз Біртановқа қатысты бұлтартпау шарасын қолданбау туралы өтініш жасадық", - дейді заңгер.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы қазан айының соңында денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртановтың ұсталғаны туралы ақпарат пайда болған еді.

Кейін Қаржы министрлігінің Қаржылық мониторинг жөніндегі комитеті экс-министрдің қамауға алынғанын растады. Ведомство Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатқандарын мәлімдеді.

Кейін Дмитрий Куряченко экс-министрдің үй қамағына алынғанын хабарлады.

Сондай-ақ Біртанов өзіне қолдау білдірген барша қазақстандықтарға алғысын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894778-elzan-birtanovty-kamaudagy-merzimi-28-akpanga-dejin-zartyldy/

pixel