Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Джо Байден ресми түрде АҚШ-тың 46-шы президенті атанды (фото, видео)

Опубликовано:

Байден
Фото: WIN MCNAMEE / GETTY IMAGES

Бүгін АҚШ-тың астанасы Вашингтонда жаңадан сайланған президент Джо Байденнің ұлықтау рәсімі өтіп, Байден ресми түрде АҚШ президенті атанды. Оқиға орнынан бейнетрансляция жүргізілуде.

Сағат 12:00-де ( Нұр-Сұлтан уақытымен 23:00-де) басталған ұлықтау рәсімінде жаңадан сайланған президент ант беріп, халқына үндеу жолдады. Салтанатты рәсім COVID-19 пандемиясы мен қауіпсіздік мәселелеріне байланысты жеңілдетілген форматта өткізілген.

Ұлықтау
Фото: Alex Wong/Getty Images

Инаугурацияға қатысты өзге іс-шаралар Вашингтонда өтіп жатыр. Ұлықтау рәсімін төмендегі CNBC бейнетрансляциясынан тамашалауға болады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін инаугурация комитеті адамдарды іс-шараға жеке қатысуға емес, керісінше оны видеотрансляция арқылы көруге шақырған болатын.

Трамп
Фото: Mandel Ngan/AFP/Getty Images

Бұрынғы президент Дональд Трамп ұлықтау рәсіміне қатыспайтынын мәлімдеген еді. Ол Ақ үйден шығып, Флоридадағы резиденциясына бет алған.

АҚШ
Фото: Alex Edelman/AFP/Getty Images

Сонымен қатар, салтанатты рәсімге өзге экс-президенттер - Джордж Буш, Барак Обама және Билл Клинтон әйелдерімен келді.

Ұлықтау
Рәсімге келген қонақтардың амандасу сәті. Фото: Tasos Katopodis/Getty Images

БАҚ-тың ақпараты бойынша, ұлықтау рәсіміне шамамен 2 мың адам қатысуда. 20 мыңнан астамы - қауіпсіздікті қамтамасыз етуге міндетті күзетшілер.

Ұлықтау рәсімі
Джо және Джилл Байден. Фото: Daniel Acker/Bloomberg/Getty Images
"Мен, кіші Джозеф Робинетт Байден, Америка Құрама Штаттары президентінің міндеттерін адал орындауға және өз мүмкіндігімше Америка Құрама Штаттарының конституциясын қолдап, қорғауға салтанатты түрде ант беремін", - деді АҚШ-тың 46-шы президенті.

Ұлықтау рәсімінде АҚШ тарихындағы тұңғыш әйел вице-президент атанған Камала Харрис те ант берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1894814-aks-ty-46-sy-prezidenti-dzo-bajdenni-lyktau-rsimi-kalaj-tip-zatyr-video/

pixel