jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Байден қызметінің алғашқы күнінде-ақ Трамп қабылдаған жарлықтардың күшін жойды

    Джо Байден
    Фото: JIM LO SCALZO / GETTY IMAGES

    АҚШ-тың 46-шы президенті Джо Байден қызметінің алғашқы күнінде өзінен бұрынғы президент қабылдаған бірқатар жарлықтардың күшін жойды. Мәселен Байден АҚШ-ты ДДСҰ-ға қайтару туралы шешім қабылдап, сәйкесінше жарлыққа қол қойды деп жазады РИА Новости.

    Трамп АҚШ-тың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымынан шығу процесін 2020 жылдың шілдесінде бастаған еді.

    Жаңа мемлекет басшысы АҚШ-ты ДДСҰ-ға қайтарудан бөлек, елді Климат туралы Париж келісіміне қайтару шешімін қабылдады. Дональд Трамп президент болған кезінде бұл келісімнен де елді шығарып тастауды ұйғарған болатын.

    Байден Мексикамен шекарадағы қабырға құрылысын да тоқтатты. Ол сондай-ақ сол жерде енгізілген төтенше жағдай режимінен де бас тартты.

    Байден Трамп енгізген Таяу Шығыстағы бірқатар ел тұрғындарының АҚШ-қа кіруіне қойылған шектеулерді алып тастайтын жарлыққа да қол қойды.

    Сонымен қатар Джо Байден Канадамен шекарадағы Keystone XL құбырының құрылысын тоқтатты. 2015 жылы Барак Обама бұл жобадан бас тартқан еді, бірақ Дональд Трамп президент болғаннан кейін Keystone XL құрылысын қалпына келтіру туралы жарлыққа қол қойылған болатын.

    Сондай-ақ жаңа президент барлық жерде 100 күн бойы маска тағуға шақыратын жарлыққа қол қойғаны белгілі болды.

    Байден маска мен әлеуметтік қашықтық режимін федералдық ғимараттарда және федералдық аумақтарда сақтауды бұйырды, сонымен бірге федералдық қызметкерлер мен келісім шарт бойынша жұмыс істейтіндер маска тағу міндеттелді.

    Ақ үйдің басшысы қалған америкалықтарды маска тағуға міндеттемесе де, бетперде тағудың маңыздылығын еске салды.

    Байден президент ретінде Twitter парақшасында алғашқы жазбасын да жария етті.

    "Алдымызда тұрған дағдарысты еңсеру үшін уақытты жоғалтпауымыз қажет. Сондықтан мен бірден жұмысқа кірісу үшін, маңызды шаралар қабылдау үшін және америкалық отбасылардың өмірін жеңілдету үшін бүгін кеңсеге бет алдым", - деп жазды Байден.

    Еске салайық, Джо Байден ресми түрде Америка Құрама Штаттарының 46-шы президенті, ал Камала Харрис вице-президенті болды.

    20 қаңтарда Вашингтонда жаңа президенттің инаугурациясы өтті.

    Байден қызметінің алғашқы күнінде-ақ Трамп қабылдаған жарлықтардың күшін жойды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.